Қазақстан мен Ресейдің ботаник ғалымдары «мәңгілік шөбін» тауып, сенсациялық жаңалық ашты
Фото: ашық дереккөзден
Әлемде баламасы жоқ: ғалымдар Қазақстанның батысынан адамның ұзаққ өмір сүруіне мүмкіндік беретін «мәңгілік шөбін» тапты. Қазақстандық және ресейлік ботаниктер осындай сенсациялық жаңалық ашты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі
«Индер-2025» экспедициясы барысында Каспий маңының сортаң жерлерінде ғалымдар ғылымға бұрын белгісіз жаңа өсімдік түрін — Astragalus ivanovii немесе Иванов астрагалын тапды. Бұл – қызғылт-крем түсті гүлдері және ерекше қуыс бұршаққаптары бар аласа жартылай бұта.
Өсімдікті Атырау қаласынан келген аспирант Саягүл Ахмеденова тапқан. Ол бірден алдында ерекше бір нәрсе тұрғанын сезген және қателеспеген. Мұндай түр ғылымға осыған дейін беймәлім болған.
«Біз қуыс бұршаққаптары бар таңғажайып өсімдікті көрген сәтте-ақ, бұл ерекше нәрсе екенін ұқтық. Кейін бұл астрагал – Индер ауданында ғана өсетін өте сирек әрі жергілікті эндемик екені анықталды. Сол сәтте мен өз ғылыми жолымның шыңына жеткенімді және мәңгілікке қалатынымды түсіндім. Енді менің атым мәңгілікке қалады», – деді Атырау мемлекеттік университетінің іргелі биология кафедрасының аспиранты Саягүл Ахмеденова.
Жаңа өсімдік түрі Каспий маңы табиғатын зерттеген кеңес ғалымы Владимир Ивановтың құрметіне аталды. Ашылу фактісі халықаралық деңгейде мойындалып, оның үлгісі әлемдік ботаникалық дерекқорға енгізілді.
Астрагалдар – көне әрі сирек өсімдіктер. Ертеде оларды «мәңгіліктің шөбі» деп атаған, өйткені олардың емдік қасиеті көп: иммунитетті күшейтеді, қан қысымын төмендетеді және қабынуға қарсы әсер етеді. Бүгінде әлемде астрагалдың шамамен 5000 түрі белгілі. Олардың қатарына енді қазақстандық эндемик те қосылды.
Экспедиция барысында тағы үш жаңа өсімдік түрі табылуы мүмкін екені анықталған. Енді ғалымдар Индер ауданында ерекше қорғалатын табиғи аумақ құруды ұсынып отыр, бұл өңірдің бірегей флорасын сақтау үшін қажет.
Жақында Ақтөбеде Қызыл кітапқа кірген сирек қызғалдақты жұлып, онымен суретке түскен әкімді сот әкімшілік жауаптан босатты. Судья оқиға орнына әкімді ертіп барып, қызғалдақ жұлған жерді таппай келді.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?