Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы кеңейеді
Сурет: Айқын
Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы жаңа индустриялық аймақ Өзбекстан нарығына отандық өнім экспортын арттырады.
Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастықты кеңейтіп, тауар айналымын арттыруға ниетті. Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Ләзиз Кудратовпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Сауда министрлігі баспасөз қызметі.
«Тараптар Қазақстан Президентінің 2022 жылғы желтоқсандағы Өзбекстанға сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған Жол карталары бойынша келісімдерді іске асыру кезеңдерін, оның ішінде екі ел арасындағы тауар айналымын 10 млрд теңгеге дейін арттыруды талқылады. Аймақаралық IV форумға ерекше назар аударылды. Самарқандта Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы «Кездесу қорытындысы бойынша ведомство басшылары өзара ынтымақтастықты кеңейту туралы Хаттамаға қол қойды» делінген хабарламада.
Ташкентке сапары барысында Арман Шаққалиев «Технопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс орындарын аралады. Мұнда ұсынылған өнеркәсіптік кәсіпорындар ішкі және сыртқы нарыққа жеткізу үшін жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған.
Сауда министрлігі 2023 жылғы мамырда өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысы аясында министрлік Ташкентте қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің сауда миссиясын ұйымдастырғанын еске салды.
Сауда миссиясының қорытындысы бойынша Өзбекстанға құрылыс материалдарын, кондитерлік өнімдерді, IT-қызметтерді және сүт өнімдерін жеткізуге 44,1 миллион доллардан астам сомаға экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.
2023 жылдың желтоқсанында қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасында «Машина жасаудағы қолданбалы біліктіліктің көпфункционалды орталығы – Орталық Азия» индустриялық аймағы құрылатыны белгілі болды. Бұл Өзбекстан нарығына отандық өнімді экспорттауды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде оған инфрақұрылым құру және қосу жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4,1 млрд доллар болды.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады