Қазақстан күрес федерациясын Тұрлыхановтың орнына кім басқарады?

cover Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Енді Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын Еркін Оқасов басқарады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы күрес федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысының тумасы Еркін Оқасов — кәсіпкер, «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы. Ол осы уақытқа дейін Qazaq kuresi қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған.

Оқасов бұған дейін федерация президенті қызметін атқарған Дәулет Болатұлына алғыс айтты.

«Сенім білдірген барша жанға мың алғыс және өздеріңіздің қолдауларыңыз арқылы талай белестерді бірге бағындырамыз деп сенемін!», — деді ол. 

Айта кетейік, 6 желтоқсан күні Дәулет Тұрлыханов бұл қызметтен кеткен еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар