Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
Фото: Егемен Қазақстан
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елдегі тұрғындар саны 20 518 005 адамға жеткен. Ең көп қоныстанған өңірлер қатарында Алматы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Алматыда 2 351 424 адам, ал Түркістан облысында 2 146 420 тұрғын бар.
Астана халқы 1 649 242 адамға жеткен. Алматы облысында 1 600 814 адам тұрады.
Миллионнан астам халқы бар қалалар мен өңірлер қатарында Шымкент (1 298 279 адам), Жамбыл облысы (1 215 360 адам) және Қарағанды облысы (1 131 435 адам) бар.
13 106 358 адам қалада тұрса, 7 411 647 адам ауылдық жерде тұрады. Осылайша, халықтың басым бөлігі ірі қалаларға шоғырланған.
Еске сала кетейік, Қазақстанда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсетуге қатысты заң 2 наурыздан бастап күшіне енеді. Жақын уақытта аталған кабинет қызметін реттейтін ережелер бекітіледі, содан кейін оларды еліміздің өңірлерінде кезең-кезеңімен ашу жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп