Қазақстан әскерінің келбеті: Офицердің сарбазды қорлауы мен кескілеп, пышақтау, тапаншамен атып тастау
Фото: pixabay
Сарбаздардың аналары ұлдарының қасқана немесе ауыр жарақаттан өлім құшқандарына сенімді, бірақ әскер өтірік айтып, құжаттарды бұрмалап, бұл істерді суицид немесе жазатайым оқиға ретінде тіркеп, тергеуге тырысады. Олар Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың ата-анасын сотта қолдау үшін Астанаға келіп, Orda.kz қайғылы жағдайлардың қалай тергеліп жатқандығын айтып берді.
Астанада мерзімді сарбаз Марат Барқұловқа оқ атқан лейтенант Дамир Досовтың ісі аяқталды. Сот үкім шығарып, айыпталушыны әскери атағынан айырды және 13 жылға түрмеге қамады. Осы уақыт бойы қайтыс болған сарбаздың ата-анасы Әсия Барқұлова мен Ербол Құнтиыновты басқа әскери қызметкерлердің қолынан қаза тапқан және ауыр жарақат алған сарбаздардың ата-аналары қолдап келді. Өкінішке қарай, олардың балаларының тарихында не сот, не соттың үкімі де жоқ.
Зорлық-зомбылыққа куә болып қалған соң өлтірді
Сәуле Тілеубергенова ұлы Қайсар Сұлтановты әскери бөлімдегі қылмыстарға куә болғандықтан көзін жойды деп сенеді.
Жас жігіт әскери қызметке баруды армандап, дипломын қорғап, бірден Теміртаудағы әскерге шақыру бөліміне өзі барған. Екі күннің ішінде ол әскерге кеткен. Оны Астанадағы 6636-шы ұлттық гвардия бөлімшесіне жіберіпті. Orda.kz бұл оқиға туралы 2023 жылдың 9 қазанында жазған, сол күні түнде әскери қызметкер бөлімде қаза тапқан. Ұлттық гвардия бұл жағдайды суицид деп жариялаған еді.
«Сол күні ұлым кезекшілікте болған, түнде оқу дабылы естілді. Ол екінші қабаттағы жаттығу залында болған еді. Сол жерде оны офицер атып өлтірді, екі рет иегінің астына оқ атқан», - деді сарбаздың анасы.
Сот-медициналық сарапшылар миға сыймайтын қорытынды берген. Олар сарбаздың өз-өзіне қол жұмсағанын жазып, бірінші рет автоматпен иегінің астына атқанын, оқ тілден, таңдайдан, ми арқылы өтіп, бас сүйегінің жоғарғы бөлігінен шыққанын атап өтті. Ал кейінірек, бес-алты минуттан соң, сарбаз тағы да иек жағына екінші рет оқ атқан деп мәлімдеген.
«Көптеген осындай ақылға сыймайтын сараптамалар болды, мамандардың білімінің аздығы мен мен жалған сараптама қорытындысын көріп, ызаң келеді. Мен жеке тәртіппен сараптама тапсыруым керек деп шештім. Бишімбаев ісінде болған сарапшы Тахир Халимназаровқа жүгіндім. Сондай-ақ, нейрохирург профессорын шақырдық, ол бірінші жарақаттан кейін ұлымның іс жүзінде өлгенін, екінші рет оқ атуға оның мүмкіндігі болмағанын айтты», - деді Сәуле Тілеубергенова.
Сол күні бақылау камераларынан алынған жазбалар зақымдалған болып шықты. Анасының тапсырысы бойынша фото-техникалық сараптама істе тіркелген бейнемазмұндарда монтаж белгілерін анықтады. Сонымен қатар, барлық сарбаздар екі рет оқ атылғанын, алдымен біреуін, ал 5-6 минуттан кейін екіншісін естігендерін бірдей айтқан.
«Ұлым қандай да бір қорқынышты жағдайдың куәгері болды. Өлімнен бір күн бұрын мен ұлымды алып кеттім, ол маған: «Мама, бізде офицер сарбазды зорлады. Бірақ ешкімге айтпашы», деді. Менің ойымша, бұл жоспарланған кісі өлтіру болды, себебі сол күні кезекке үшінші взвод шықты, ал менің ұлым бірінші взводта болды. Менің пікірімше, олар ұлымның бөлімдегі зорлық-зомбылық туралы маған айтып қойғанынан қорқып, оны қызметке қайтадан қойған. Барлығы алдын ала ұйымдастырылған, мен бұны кісі өлтіру деп ашық айта аламын», – дейді сарбаздың анасы.
Өткен жылдың наурыз айында Тілеубергенова, тергеушілерге жазбаша өтініш беріп, сарбаздарды офицерлердің зорлау фактілерін тексеруді сұрады. Бұл өтінішке әлі жауап келмеген.
«Тергеу жүріп жатыр, маусым айында оны бір рет жапты, мен Бас прокуратураға барған соң, іс қайтадан ашылды. Қолымдағы сараптамалар бұның өзін-өзі өлтіру емес екенін дәлелдейді. 2024 жылдың желтоқсанында мені әскери прокуратураға шақырды. Онда әскери тергеу басқармасының тергеушілері болды, олар бәрін жасырады, күдіктілер жоқ. Ал бұл жағдай Астанадағы ұлттық гвардияның бас басқармасында болды, онда генералдар отыр», – деді марқұм сарбаздың анасы.
Ұрып-соғып, пышақтап тастап, құлаған шатырды сылтау қылды
Ұлының қазасы туралы тағы бір қорқынышты оқиғаны Индира Туғанбаева айтып берді. Оның ұлы Алмас Шахимов туралы Orda.kz бұған дейін жазған болатын. Жас жігіт полигонда қаза тапты деп, оқиға апат ретінде көрсетілді. Қатты соққан жел салдарынан үлкен шатыр сарбаздың үстіне құлап, алған жарақаттарынан қайтыс болды деп айтылған еді.
Туғанбаеваның айтуынша, Алматыдағы 5571 әскери бөлімшесінде қызмет еткен Алмасқа қатысты бір офицерді салғырттықта айыптайды. Ол шатырдың қалай бекітілгенін бақыламаған екен. Оған шартты жазалау қаупі төніп тұр.
«Мен мәйітке эксгумация жасап, қайта сараптама жүргіздім. Сол сараптамада анық жазылған, баламның үстіне құлаған шатыр оған мұндай жарақаттар салмағаны анықталды. Сол күні кешкі сағат сегізге дейін ұлымның қайтыс болғаны анықталды. Оның денесінен бірнеше пышақ жарақаты мен кесілген іздер табылды. Бірақ, тергеу бұл сараптамаға мүлде назар аудармайды», – деді Индира Туғанбаева.
Ұлымның мәйітін «қылмыстық мәйіт» деп айтқан алғашқы сот-медициналық сарапшы Ж. болатын. Әу баста, сарбазды ұрып-соғып, бүйрегін жарақаттаған және денесінде 26 пышақ ізі мен кесілген жарақаттары барын осы сарапшы айтқан. Бірақ Ж. шын мәніндегі сараптама нәтижелерін жасыру үшін әскерилерден ақша талап еткен. Оған қоса сарапшы ата-аналардан да сол нәтижелерді ашып, қосымша зерттеу жүргізгені үшін де ақша талап етіп, екі жақпен «ойын ойнаған».
Ақырында, сарапшыға қарсы қылмыстық іс қозғалып, бопсалау айыбы бойынша жауапқа тартылды, оның ісі бойынша тергеу жүруде.
«Әскери куәгерлер бар, олардың бірі қорғалғандықтан маған оның атын жариялауға болмайды. Олар менің жалғыз ұлымды өлтірді, ал мен оның атын жариялай да алмаймын. Өйткені олар оның өміріне алаңдайды екен. Бірақ, мен бәрін айтуға дайынмын, барлығын сатып кетуге әзірмін, өйткені дәл осы куәгер сарапшының үйіне екі рет барып, сараптама нәтижелерін сұраған», - деді қайғыдан қан жұтқан ана.
Индира Туғанбаеваның ұлының өлімін жазатайым оқиға ретінде тергеп жатыр.
«Қазір біз Астана қаласындағы іспен танысуымыз керек, мамандандырылған прокурорлармен жұмыс істейміз. Мен екі адвокат алғам, енді үшінші және төртінші адвокаттарым бар. Сосын танысып, іс сотқа жіберіледі. Бірақ мен тергеу қорытындысымен және баптармен келіспеймін, офицерге шартты түрде бір жыл бас бостандығынан айыру жазасының тағайындалғаны дұрыс емес», - деп нақтылады Индира Туғанбаева.
Алмас Шахимовтың қазасы туралы түрлі қауесет бар. Мысалы, 5571-ші бөлімде қызмет еткендердің арасында сарбаздарды қатысуға мәжбүрлейтін «еркін күрес» туралы, жоғары лауазымды тұлғалар үшін несие алуға мәжбүрлейтін оқиғалар жайында әңгіме тараған. Бірақ, әрине, Алмастың қызметтес жолдастары оның айтқандарын растай алмайтынын көрсетіп, жауап берген жоқ.
Мүгедектіктен айығып, сосын келіңіздер
Тағы да бір жылдар бойы әділдікке жете алмай жүрген Гүлмира Мұқажанова мүгедектіктің бірінші тобын алған бас жарақатынан кейінгі жағдаймен күресіп жүрген сарбаз Ұлан Мұсаевтың анасы. Бұо жағдайды Orda.kz басқа да әскердегі қорқынышты оқиғалармен бірге баяндаған болатын.
Бұрын әскерге деген қызығушылығы мен мансап құрам деген арман-мақсаты Ұланды бүгінде мүгедекке айналдырды. Мұқажанованың ұлы Қазақстан қарулы күштерінің шындығымен бетпе-бет келгеннен кейін, өздігінен жүре алмай, арбаға таңылған. Не ойындағыны анық жеткізе де алмайды, тіпті басын тік ұстай да алмайды.
Щучинскідегі қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде жас жігіттің жағына автоматтың оғы тиіп кеткен. Мұндай жағдайды қалай тергейтіні түсінікті, әрине, өзін-өзі өлтіруге оқталу деп есептейді.
Ұлан жарақатын 2022 жылы алған, бірақ шындық пен қандай да бір қисынды тергеу нәтижелерін анасы әлі күнге дейін ала алмай жұр.
«Іс қылмыстық кодекстің 105-бабының бірінші бөлімі бойынша тергеліп жатыр. Яғни, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу. Екі жарым жыл өтті, бірақ менің ұлымды өзін-өзі өлтіруге жеткізген кім екенін білмейміз, әрі менің сенімім бойынша, бұл өзін-өзі өлтіру емес. Тергеу бірнеше рет тоқтатылды, мен бірнеше рет өтініш беріп, қайта бастауға өтініш жасағаныммен, олар қайта бастап, қайта тоқтатып отырды. Қазір біз қылмыстық істі 2024 жылдың қазан айында қайтадан бастадық. Жаңа сараптама тағайындалды, зерттеулер жүргізілуде. Ұлан ұстап тұрды деп айтылған автомат оған бекітілмеген, оның үстінде басқа адамның фамилиясы бар әрі автоматта Ұланның ешқандай саусақ іздері жоқ», — деп айтты Мұқажанова.
Осы уақыт бойы сарбаздың анасы үнемі қорғаныс министрлігіне жүгініп келеді. Толық және әділ тергеуді жүргізуге, ұлының оңалуына көмек сұрайды. Сонымен қатар, әзірге тек әскери госпиталь дәрігерлеріне баласын ажалдан аман алып қалғандары үшін шын жүректен алғыс айтады. Ал негізі министрліктен басқа ешқандай көмек жоқ.
«Мен ақша сұрамаймын, бірақ мен олардан дені сау ұлымды бергенмін, енді оның денсаулығының қалпына келуіне көмек берсін. Мен олардан оңалту қызметін сұраймын, бізді оңалту орталығына жіберсін, біз онда емделуге барайық. Бірақ оны да бермейді, ешқандай көмек жоқ», — деді ашынған ана.
Ұлы анық сөйлей алмайтын күйге түссе де, өз-өзін өлтіруге оқталмағандығын анық айтады екен.
«Алғашында істі жүргізген тергеуші мені мүлде тыңдамайтын. Мен іс қалай жүріп жатыр?, деп сұрасам, олар менімен ұрсып: "Мен сізге ештеңе айтуға және түсіндіруге міндетті емеспін" дейді. Бірде: "Сіздің ұлыңыз есін жинап, есіне түсіреді де, сол кезде не болғанын айтады" деп, мені мазақтап, күлген. Ұлым әзірге әрең сөйлейді, бірақ ол менен "Сен тергеуге бардың ба? Олар мені кім атқанын тапты ма?" деп анық сұрап, өз-өзіне қол жұмсауға тырыспағанын, оны атып жібергенін анық айтады. Бірақ ең өкініштісі — менің ұлымның сөздері енді ескерілмейді», - деп нақтылады Мұқажанова.
Маңғыстаудағы мерзімді қызметтегі қайтыс болған сарбаз Марат Барқұловтың әкесі ендігі әскерге баратын сарбаздар үшін алаңдайтынын жеткізді.
«Біз ұлымызды қайтара алмаймыз. Бірақ біз тек лейтенант Дамир Досовты жазалауды емес, жалпы әскерде тәртіп болғанын қалаймыз. Менің сыныптастарым, достарым бар, олардың барлығының балалары бар, әскерге шақырылатын жас жігіттер. Мен осы балалар үшін алаңдаймын. Олар Отан алдындағы борышын өтеуге барады, ал кейін олар бейбіт уақытта қаза тауып немесе мүгедек болып үйіне оралады. Неліктен жоғары шенді офицерлер, полковниктер немесе генералдар бұл үшін жауап бермейді?» — деді қаза тапқан сарбаздың әкесі.
Қазақстан әскерінде бейбіт күнде сарбаздар жиі қаза табатынын дүйім жұрт жақсы біледі. Orda.kz әскерде болып жатқан жайттармен оқырмандарды үнемі хабардар қылып отырады. Бір байқағанымыз сарбаздардың қаза болуының себептері ұқсас. Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай әдетте қозғалған істі тездетіп жауып тастауға тырысады.
Жаңалықтар
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды