Қазақ жігіті Вьетнамда марафоннан кейін ауыр халде ауруханаға жеткізілді

cover Фото: Facebook / Ринат Рахматуллин

Қарағанды тұрғыны Ринат Рахматуллин Фукуок қаласында өткен марафонға қатысқаннан кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Ринат — тәжірибелі марафоншы, ол 42,2 шақырым қашықтықты 18 рет жүгіріп шыққан. Алайда соңғы марафоннан кейін спортшы шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, қазіргі уақытта жағдайы ауыр Ринатты дәрігерлер бақылап жатыр.

Ринатқа әкесі Қазақстаннан ұшып бара жатыр.

Қазір Фукуок аралында ауа-райы ыстық әрі ылғалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар