Қазақ-түрік бауырластығы: Түркияда қазақтың мәдениет үйі ашылды

cover Фото: Отандастар қоры

Түркияның Конья облысының Исмил ауданында Исмил қазақтарының мәдени үйі ашылды.

Соңғы жылдары екі ел арасында мәдени қарым-қатынастар көп болды. Қазақстанда түріктердің мәдени орталықтары, оқу орындары бар.

Жақында Түркия елі де қазақ елінің мәдени орталығын ашты.  Мәдениет үйі қазақтар көп шоғырланған Конья облысында Исмил ауданында ашылды. 

 

Негізгі мақсат – Түркиядағы қазақтардың мәдени-гуманитарлық бағытын және іскерлігін нығайту, ұлттық мұраны халыққа ұлықтау. Қазақтың тілін, дінін, салт-дәстүрін дәріптейтін «Абай үйі» мәдени орталығы болашақта халқымыздың шетелдегі бір рухани орталығына айналары сөзсіз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар