Қатты бораннан Семейден Павлодар бағытына 50-ден астам көлік шыға алмай тұр

cover Фото: Абай облыстық ПД

Абай облысында ауа райы күрт бұзылды: жаңбыр, қар, көктайғақ және қатты боран соғып тұр. Облыс аумағында жол қызметтерінің арнайы техникасынан басқа барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Orda.kz Абай облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шектеу Қытай Халық Республикасының шекарасы — Майқапшағай — Зайсан — Қалбатау — Семей — Павлодар — Ресей Федерациясы бағыты бойынша өтетін автожолдың 587–733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі учаске). 

Сағат 20: 00-дегі мәлімет бойынша Семейден Павлодар облысына шығатын жерде 50 көлік, оның ішінде 15 жүк және 35 жеңіл автокөлік жиналып қалған. Кезекте тұрған көліктердің ішінде жолаушылар автобустары мен балалар жоқ.

Оқиға орнында Абай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жол және шұғыл қызметтермен бірлесіп кезекшілік етеді. Полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қозғалысты реттейді және жүргізушілерге көмектеседі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар