Қасым-Жомарт Тоқаев АИИБ президентін қабылдады

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.

Кездесуде Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі еліміздің маңызды стратегиялық серіктесі саналатынын атап, қаржы институты Қазақстанда басымдыққа ие инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысады.

Президент бүгін қол қойылған Серіктестік туралы негіздемелік келісімді құптады және Цзоу Цзяиді жуырда Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі президенті болып тағайындалуымен құттықтады. 

«Сіздің осы лауазымдағы сапарыңызды Қазақстаннан бастағаныңызды жоғары бағалаймыз. Бұл екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беретін жақсы нышан деп санаймыз. Банкпен бірге жалпы сомасы 2,6 миллиард доллардан асатын 9 жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Мұның бәрі өзара ықпалдастығымыз бен байланысымызды жандандыра түсетініне сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Қазақстан бюджет тапшылығы жағдайында Азия даму банкінен (АДБ) және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен шамамен 366 млрд теңге қарыз алатыны екі жыл бұрын белгілі болған еді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар