Касса қызметкерінен төрағалыққа жету: «ҚТЖ»-ның жаңа басшылығына кім тағайындалды?
Фото: Gov.kz
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне Талғат Алдабергенов тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Талғат Алдабергенов 1970 жылдың 10 сәуірінде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматыдағы Теміржол көлігі инженерлері институтын және Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын Орал қаласындағы теміржол бекетінде касса қызметкері болып бастаған. Кейінірек бекет бастығының орынбасары, жүк және коммерциялық жұмыстар бөлімінің орынбасары, жол коммерциялық ревизоры қызметтерін атқарған.
1998 жылы «Желдорэкспедиция» мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалы директорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Кейін «ҚТЖ» құрамындағы «Фирмалық көлік қызметі орталығы» Ақтөбе филиалының директоры, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ-ның көлік логистикасы департаментінің директоры болды.
2008 жылы «Кедентранссервис» АҚ-ның президенті қызметіне кірісті. Бұған қоса, бірнеше көлік компаниясын басқарды, басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды, сондай-ақ «Каспий» тауар биржасы» АҚ президентінің кеңесшісі қызметінде еңбек етті.
2024 жылғы маусым айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
Алдыбергеновтың алдында осы қызметте 2021 жылдан бері істеген Нұрлан Сауранбаев жуырда Қазақстан Республикасының көлік министрі қызметіне тағайындалды.
Жаңалықтар
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Иран теңізге мина қоя бастады, АҚШ «теңдессіз соққымен» сес көрсетті. Таяу Шығысқа шолу
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті