Каспий жағалауынан үш тонна қоқыс жиналды

cover

Еріктілер Сайын Шапағатов ауылының жағалауындағы теңізден үш тонна қоқыс жинады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Сайын Шапағатов ауылы акваториясында теңіз түбін жинау туралы бейне есепті Маңғыстау облысының су асты спорты федерациясы жариялады.

Теңіз түбін қоқыстан тазарту акциясы Сайын Шапағатов ауыл әкімі Сайран Қылыштың бастамасымен өтті.

Еріктілер жағалаудан 100 метр қашықтықта үш тонна қоқыс жинады.

- Біз бұған дейін ауыл тұрғындарының назарын Сайын Шапағатов ішіндегі қоқысқа назарларын аудардық. Алайда қоқыстың бір бөлігі теңізде. Бұл іс-шараның басты мақсаты – халықтың назарын аудару және теңіз жағалауында демалыс мәдениетін қалыптастыру, - деді ауыл әкімі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар