Каспий құбыр консорциумына шабуылдан кейін Қазақстан қаншалықты мұнай жоғалтты?
Фото: Elements.envato.com
Каспий құбыр консорциумының теңіздегі терминалы істен шыққан соң, Қазақстанның алдында таңдау тұрды. Ел мұнайды жедел түрде басқа бағыттарға бұруға мәжбүр болды. Алайда бұл жолдар экономикалық тұрғыдан тиімсіз әрі Ресейдің құбыр жүйесіне тәуелді, деп хабарлайды Orda.kz.
Reuters агенттігінің мәліметінше, желтоқсанның алғашқы екі күнінде Қазақстандағы мұнай мен газ конденсатын өндіру шамамен 6 пайызға азайған. Бұған Новороссийск маңындағы КҚК терминалына жасалған украин дрондарының шабуылы себеп болды. Шабуылдан кейін құрылғылардың бірі істен шығып, консорциум жұмысы уақытша тоқтады. Кейін КҚК екі құрылғының орнына тек бір ғана тиісті қондыру жүйесімен жұмыс істей бастады.
Өндіріс көлемі тәулігіне 1,9 миллион баррельге дейін төмендеді. Агенттік дереккөзі КҚК-ның бір құрылғымен жұмыс істеуі аптасына шамамен 900 мың тоннаға дейін мұнай экспортын қысқартатынын айтады.
КҚК – Қазақстан үшін ең маңызды экспорт жолы. Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан өндірілген мұнай осы 1,5 мың шақырымдық құбыр арқылы Оңтүстік Озерейка өзенінің маңындағы теңіз терминалына жеткізіледі. Қазақстан мұнайдың бір бөлігін Новороссийск пен Усть-Луга порттарына KEBCO атауымен жібереді, аз ғана бөлігі Германияға «Дружба» құбырымен барады. Бірақ бұл бағыттар көп табыс әкелмейді және толықтай «Транснефтьке» тәуелді.
Бұған дейін біз Қазақстан желтоқсанда мұнайдың бір бөлігін Баку — Тбилиси — Джейхан құбырына көбірек жіберіп, КҚК-дағы шығынды өтеуге тырысатынын жазғанбыз. Бірақ бұл жолдың да өткізу мүмкіндігі шектеулі: Ресей құбыр жүйесі соңғы шабуылдардан кейін шамадан тыс жүкті тасымалдап отыр.
Сарапшылар КҚК-ға жасалған шабуыл Қазақстан экономикасына тікелей соққы болатынын ескертті. Себебі осы терминал арқылы елдің экспорттық мұнайының 80 пайыздан астамы тасымалданады. Қазақстан билігі Украинаға ресми қарсылық нотасын жолдады.
Экономист Ерлан Ибрагим де алаңдаушылық білдіріп, КҚК-ға тағы бір соққы жасалса, теңге күрт құлдырауы мүмкін екенін айтады. Оның пікірінше, қазір теңгенің күшеюі елдегі нақты экономикалық жағдайға сәйкес келмейді. Сарапшы бұл ахуалды 1998 және 2014 жылдардағы дағдарыстармен салыстырады. Ол ұлттық валютаның әлсіреуіне ықпал етіп тұрған фактор көп екенін, ал Ұлттық банктің тұрақтандыру мүмкіндігі шексіз еместігін атап өтті. Ол теңгені әлсірететін себептер көп екенін, ал Ұлттық банк бәрін бірдей тоқтата алмайтынын айтты.
Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда жүк көлігі егде жастағы әйелді қағып кетті
- Каспий құбыр консорциумына шабуылдан кейін Қазақстан қаншалықты мұнай жоғалтты?
- «Үлкен ауылының тұрғындары құрылысқа келісті»: Қазақстанда екінші АЭС салынады
- Грузияда «Батуми мұнай терминалынан» шикі мұнай ұрлаған 3 қазақстандық ұсталды
- Министр болған ЖИ 14 биткойн пара алды деген күдікке ілінді
- Құлыбаев қазақстандықтардың зейнетақысын Domino’s Pizza акциясын сатып алуға жұмсады
- Қызылордада 15 жастағы қызды бірнеше рет зорлаған колледж студенті ұсталды
- «Тәтті беріп алдаған»: Оралда 6 жастағы қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Шымкентте мектеп оқушысы әйелді өлтіріп, денесіне қиянат жасап, қоқысқа тастады
- СҚО әкімі Мыржақып Дулатұлының мемориалы заңсыз салынғанын айтты
- Геннадий Головкин Халықаралық бокстың Даңқ залына енді
- Алаяқтар қалайша рақымшылыққа ілінді?: «Қазақтың Робин Гуды» Сәриев 3 жыл 8 айға сотталды, Дүйсеева сот залынан босатылды
- Өгей әкесі үш баласын азаптағаны үшін төрт жылға сотталды
- Астанада жас қыз көпірден секіріп кетті
- Еуропалық кеңесінің басшысы Антониу Кошта Ақордаға келді
- Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына ұсынылады
- Таразда сот топтасып қыз зорлаған жасөспірімдердің жазасын ауырлатты
- Риддерде мұғалімдер мектеп басшылығынан қысым көргендерін айтып үндеу жолдады
- Алматыда жер сілкінді
- Қарағанды облысында жол апатынан көлік өртеніп, жүргізуші көз жұмды