Карантин енгізілген жағдайда қанша қазақстандық жұмыссыз қалады?

cover

Еңбек ресурстарын дамыту орталығында, егер Қазақстанда ең қатаң карантин режимі қайта орнатылса, қанша қазақстандық жұмысынан айрылуы мүмкін екендігі есептелді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Орталық президенті Дәулет Арғындықов айтып өткендей, елімізде барлығы 8,7 миллион адам тұрақты жұмыс істейді.

— Біріншіден, ең маңызды салалар қызметкерлері, медицина қызметкерлері, өндірістік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы және басқа 4,1 миллион адам жұмысын сақтап қала алады.

Тағы 2,5 миллионға жуық адам мүмкіндігі мен біліктілік деңгейіне байланысты қашықтықтан жұмыс режиміне көшірілуі мүмкін  — бұл білім беру саласы, мемлекеттік қызметкерлер, кеңсе қызметкерлері және басқалары, - деді Арғындықов ОКҚ брифингінде.

Тәуекел аймағында екі миллион адам қалды. Бірақ локдаун шарттарына байланысты, орталық басшысының айтуынша, олардың бір бөлігі қызмет көрсету, сауда, көлік және т.б. сала қызметкерлері жұмыспен қамтылуды сақтай алады.

— 165 мың жұмысшы толық шектеу шаралары енгізілген жағдайда біздің бағалау бойынша жұмысынан айрылуы мүмкін. Біз мамандықтар, еңбек дағдылары бойынша жіктеп, барлық топтар бойынша бағалау жүргіздік, - деп қорытындылады спикер.

Арғындықов түсіндіріп өткендей, өткен жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі ел бойынша орташа есеппен 4,9 пайыз болды. Карантин мен пандемияның әсерін азайту үшін Қазақстанда «Жұмыспен қамтудың жол карталары», «Еңбек» және басқа да бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар