Қарақалпақстандық құқық қорғаушы Ақылбек Мұратов елден экстрадицияланбауы мүмкін

cover

Ол Қазақстаннан пана іздеген адамның куәлігін алған. Бұл туралы Orda.kz тілшісіне белсендінің әпкесі Фариза Норбекова айтты.

Норбекованың айтуынша, Алматының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы 23 ақпанда құжат беру туралы шешім шығарған. Сертификат 2024 жылғы 23 мамырға дейін жарамды, бірақ қажет болған жағдайда мерзім тағы үш айға ұзартылуы мүмкін.

"Қазақстан заңнамасына сәйкес, мұндай куәлігі бар адамды экстрадициялауға болмайды. Осы құжат негізінде Мұратовқа босқын мәртебесі берілуі мүмкін. Мұны қазірдің өзінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті және басқа да құзырлы органдар қызметкерлерінен тұратын комиссия шешіп жатыр", - деді Фариза Норбекова.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар