Қарағандыда мектептерден жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілер табылды

cover Фото: pixabay.com

Қарағандыда прокурорлар мектептерде медицина саласындағы жүйелі бұзушылықтарды анықтады.

Қарағанды мектептерінде 2022 жылдан бастап 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені анықталды.

Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, "Преднизолон" ампулалары сақталған.

Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды.

Мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар