Қарағандыда кәріз құбырын жөндемек болған екі жұмысшы топырақтың астында қалып, көз жұмды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Қарағанды облысында 1 қазан күні кәріз құбырын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты. Біреуінің жасы 18-де болса, екіншісінің жасы 41-де болған, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қарағанды Су» компаниясы өкілдерінің айтуынша, марқұм болған екі азамат «НС система» ЖШС мердігер ұйымының қызметкері болған. Алайда, бұл компанияның директоры Әсет Мұқаев бұл қызметкерлерді танымайтынын айтып, олар оның қызметкерлері емес екенін мәлімдеді.
«Бізге жеткен деректер бойынша, қаза болғандардың аты-жөні біздің компания қызметкерлеріне сәйкес келмейді. Біз оларға қатысты ешқандай мәлімет білмейміз», — деді ол.
Дегенмен, директор қайтыс болғандардың жерлеу шығындарын өз мойнына алатынын айтты, себебі оқиға компанияның құрылыс алаңында болған.
Қарағанды облысы полиция департаменті құрылыс немесе тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы салдарынан екі адамның өліміне әкелген оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жұмысшылар кәріз құбырын ауыстыру кезінде топырақ астына қалған.
Жаңалықтар
- Бүгін Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтеді
- Exit-poll: Референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қолдады
- Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ресейге жеткізілді — БАҚ
- Жауапкершілікке тек бір азамат тартылды: Бас прокуратура мен ІІМ Референдум қорытындысын айтты
- Қазақстанда референдумдағы дауыс беру аяқталды
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді