Қанды Қаңтар: Археологты өлтірген Ұлттық ұлан подполковнигі 7 жылға сотталды
Коллаж: Orda.kz
Алматы гарнизонының әскери соты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде археолог Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановтың өліміне кінәлі деп танылған Ұлттық ұланның бұрынғы подполковнигіне үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот ісі жабық режимде қаралды. Айыпталушы орындығында — отставкадағы подполковник Айтжан Әубәкіров. Ол 5571 әскери бөлімінде командирдің тәрбие, әлеуметтік және құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары болған. Тергеу мәліметінше, оның әрекеті «Билікті асыра пайдалану, ауыр зардаптарға әкеліп соқтыру» бабы бойынша (ҚР ҚК 451-бабы 2-бөлігі) қаралды.
Әскери сот Әубәкіровті кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.
49 жастағы Ерлан Жағыпаров — тарихи мұраларды зерттеумен айналысқан белгілі ерікті, «Петроглиф іздеушілер» қоғамының мүшесі. Қаңтар оқиғасы кезінде ол Республика алаңында калашник автоматынан тура атылған оқтан қаза тапты.
Марқұмның туыстары оны бірнеше күн бойы іздеді. Әлеуметтік желілерде оның жоғалғаны туралы хабар тарады. Ақыры 12 қаңтарда қаралы хабар жетті: Ерлан Жағыпаровтың денесі мәйітханадан табылды. Оның інісі Нұрлан Жағыпаровтың айтуынша, Ерланды мәйітхана дәлізінде, қолына кісен салынған, азаптау белгілері бар күйінде тапқан. Құқық қорғау органдарының есебіне сәйкес, ол жүрек тұсына тиген оқтан көз жұмған.
Жаңалықтар
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді
- Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп «Домбыра – дастан» атты ауқымды онлайн концерт ұйымдастырды
- 36 күдікті ұстау изоляторында: Сталкинг бойынша сотқа 51 іс жолданды
- Кубадағы толық блэкаут: Энергетикалық дағдарыс, Трамп қысымы және көшедегі наразылық
- Рахат Тұрлыханов қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін