Қандастарды қабылдау квотасы ұлғайды

cover Фото: Gov.kz

Қоныс аударған қандастар санының артуына байланысты қабылдау квотасы 600-ге ұлғайтылмақ. 

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын қайта бөлу мақсатында «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» ведомство басшысының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізеді. 

Қоныс аударған қандастар санының артуына байланысты квотаны 600 адамға ұлғайтуды көздейді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар