Камчатка облысындағы көлге құлаған «Ми-8» ұшағының қара жәшігі табылды

cover

Ресейдің шығысындағы Камчатка облысының Курил көліне туристер мінген «Ми-8» тікұшағы құлаған еді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына іздеу-құтқару топтары жіберіліп, 3 экипаж, яғни барлығы 16 адамның 8-і құтқарылды.

– Бүгінде мәйіттер мен тікұшақты табудың негізгі ауыртпалығы әскери қызметшілер мен Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің мойнында. Қазіргі күні тікұшақтың ішінен үш мәйіт табылды. Оқиға орнында арнайы техникасы бар үш әскери бөлім мен Төтенше жағдайлар министрлігінің сүңгуірлері жұмыс істеуде.

Әскерилер көл түбін тексеріп жатыр. Жақын арада тікұшақты жер бетіне қалай шығару туралы шешім қабылданады. Бүгінде әскерилер картаның қирандылары мен белгілерін олар орналасқан жерді анықтаумен айналысады. Тікұшақтың барлық негізгі бөлшектері табылды, - деді Роман Василевский.

Камчатка өлкесі үкіметінің ресми сайтының хабарлауынша, 15 тамызда тікұшақтың ішіне кіру әрекеті болғанын айтқан. Люк арқылы арнайы техниканың көмегімен ұшақтан үш мәйіт шығарылып, «қара жәшік» табылған.

Құқық қорғау органдары қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе көлігінің жұмысы ережелерін бұзу фактісін тергеуде. Ұшақ апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар