Қайтарылған активтер есебінен Жетісу облысында мектеп салынады

cover Фото: freepik.com

Қайтарылған активтерден Кербұлақ ауданы Көксай ауылында салынатын мектепке 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қазір елді мекенде спорт және акт залдары, асханасы жоқ бір мектеп жұмыс істейді. Онда екі ауысымда 53 бала оқиды. Ал жаңа мектеп 60 адамға шақталған.

Мектеп құрылысына қаржы мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында арнайы мемлекеттік қордан бөлінген. 

«Қазіргі таңда елді мекенде жалғыз мектеп жұмыс істеп тұр, онда екі ауысымда 53 бала білім алып отыр. Сонымен қатар білім ошағында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді. Жаңа мектеп 60 орынға арналған. Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталады. Нысанның құрылысы білім берудің қолжетімділігі және мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазір ауылда 7 жасқа дейінгі 28 бала тұрады", деп хабарлады мемлекеттік қордағылар.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар