«Қайрат» «Жетісуді» 5:0 есебімен ойсырата жеңді
5 қазан күні Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында «Қайрат» өз алаңында «Жетісуді» 5:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматылық «Қайрат» ойынның алғашқы минуттарынан-ақ шабуылға шығып, Талдықорғанның «Жетісуына» айтарлықтай қысым жасады. Есепті 9-минутта Дастан Сатпаев пенальтиден ашты. 19 және 35-минуттарда Жоржиньо екі рет мергендік танытып, дубль авторы атанды. Ал 43-минутта Эдмилсон гол соғып, алғашқы таймда есепті 4:0-ге жеткізді.
Екінші таймның соңғы минутында, 90-минутта, 18 жастағы шабуылшы Азамат Тұяқбаев «Қайраттың» негізгі құрамындағы алғашқы голын соқты.
Бұл жеңіс алматылық клубқа 55 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде бірінші орынға қайта көтерілуге мүмкіндік берді. «Астана» 53 ұпаймен екінші орында тұр. Ал «Жетісу» 21 ұпаймен 11-орынға төмендеді.
Айта кетерлігі, Орталық стадионға жиналған жанкүйерлер «Қайрат» командасына зор қолдау көрсетті. Әсіресе жас қақпашы Шерхан Қалмырзаның әрбір сейві көрерменнің ерекше қошеметіне бөленді.
Енді алматылықтарды алда екі маңызды кездесу күтіп тұр: Чемпиондар лигасында «Қайрат» пен «Пафос» арасындағы ойын 21 қазан күні өтеді, ал ҚПЛ аясында 26 қазанда «Қайрат» пен «Астана» кездеседі.
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесудің толық репортажы Orda.kz порталынан оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды