Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы «Байсат» базары тағы да аукционға шығарылды
Коллаж: Orda.kz
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы «Байсат» базарындағы үлесі аукционнан өтпеген соң қайта сатылымға шығарылды. Қазір бағасы 2 млрд теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қыркүйекте бастапқы баға 28,6 млрд теңге болса, қазір 26,7 млрд теңге болып белгіленді. Кепілдік жарна — 2,6 млрд теңге.
Алдыңғы аукцион 18 қарашада өтті, бірақ ешкім сатып алғамаған.
Бұған дейін бұл базардың белгілі бір үлесі Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған.
Айта кету керек, 2023 жылдың шілдесінде Қазақстанда заңсыз иеленген активтерді мемлекетке қайтару туралы заң күшіне енді. Сол кезден бастап біз бірнеше даулы оқиғаның куәсі болдық. Билікпен қақтығысқан олигархтар мұнай компанияларынан бастап қонақүй бизнесіне, сағат коллекцияларынан сақ дәуірінің алтынына дейінгі қазыналарын беріп, бостандығынан айырылмаудың қамын жасап бақты. Алайда соңғы уақытта «заңсыз жиналған байлықты тартып алу» жайлы хабарлардың арнасы сарқыла бастады. Соның бірі — осы аукционға шығарылып, өтпей тұрған «Байсат» базарындағы Қайрат Сатыбалдының үлесі.
Еске сала кетейік, «Қайтарылған активтерді басқарушы компания» Қайрат Сатыбалдыға қарасты ЖШС-нің біріне тиесілі аяқталмаған бизнес орталығын сатқан еді. Сондай-ақ, бұған дейін Қайрат Сатыбалды іргесін қалаған медресеге жыл сайын бюджеттен 200 млн теңге құйылатыны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр