Қайрат Сатыбалды мемлекетке жалпы 29 автокөлігін берді

cover Фото: envato

Мемлекет сотталған кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының екі қымбат автокөлігін сатты, деп хабарлайды Orda.kz.

Редакцияның сұрауына жауап ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалды қайтарған активтер тізімін және оларды не істейтіні туралы ақпарат ұсынды.

Кәсіпкер мемлекетке барлығы 29 автокөлігін берді, олардың ішінде Bentley, Lexus, Mercedes маркалы көліктер бар.

«Басқарушы компания активтерді қабылдау, есепке алу, басқару және өткізу барысында олардың иелерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл активтерді Қайрат Сатыбалдының тікелей мүлкі деп айтуға болмайды. Қазіргі уақытта компания Дубайда құны 235 000 дирхам (31,4 млн теңге) Aston Martin Vantage автокөлігін және құны 1 250 000 дирхам (167,5 млн теңге) Rolls-Royce Cullinan автокөлігін сатты»,  деп нақтылады компания.

Кәсіпкерге қатысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қайтарылған активтердің жалпы сомасы 732,8 млрд теңге болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар