Көлік қаққан баланың жағдайы белгілі болды

cover

Алматы-Нұр-Сұлтан тасжолының бойындағы Жамбыл ауылында, орын алған жол апатында жарақат алып, ауруханаға жеткізілген баланың жағдайы белгілі болды.

Бұл туралы Orda.kz. хабарлайды.

Дәрігелердің айтуынша, жарақат алған баланың жасы үште. Ол Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді.

– 2018 жылы туған науқас ЖКО салдарынан жарақат алған. Травматология бөліміне жатқызылды. Диагноз: жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы. Басы мен сол жақ бетінің көгерген жерлері бар, - деді дәрігерлер.

Еске салайық, 28 маусым күні Қарасай ауданы Жамбыл ауылында жол апаты болып, әкесі мен қызы қайтыс болған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар