Көкшетауда қыздарды жезөкшелікке тартқан сауна әкімшісі қамалды

cover

Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке тартқан екі сауна анықталған.

 Бұл туралы  Orda.kz   Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Осы өңірде 19 қыркүйекте басталған «Стоп-трафик» республикалық арнайы операциясы аясында полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 5 қылмыстың бетін ашты (оның екеуі жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу бойынша).

Сонымен 21 және 23 қыркүйек күндері облыс орталығында полицейлер 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған екі саунаның әкімшілерін қолға түсіріп, олар кінәсін мойындады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша мүлік тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылады.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жергілікті тұрғынның материалдық жағдайын пайдаланып, жезөкшелікпен айналысуға үгіттеген.   Бұл іс бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 308-бабы 1-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар