«Электрик емес, компания басшысы»: Алматыда ерлі-зайыптыларға оқ атқан қаскөй 16 жылға сотталды
Фото: Pexels
2024 жылғы 20 желтоқсанда бетперде киген адам өзін электрикпін деп таныстырып, тұрғын үй кешеніне кіріп, пәтерлердің біріне енген. Сол кезде үйде болған ерлі-зайыптыларға тапаншадан оқ жаудырған. Сот оны 16 жыл бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Қуанышқа орай, екеуі де тірі қалды, бірақ ер адамға бес сағаттай ота жасалды. Тергеу бұл шабуылдың басты мақсаты қарақшылық екенін сол кезде-ақ анықтаған.
2025 жылдың басында күдікті ұсталды. Полиция оның Жетісу облысының 38 жастағы тұрғыны екенін хабарлады. Ол өз кінәсін мойындады.
«Оның айтуынша, ол бұған дейін жәбірленушілердің пәтеріне жиһаз орнатып жүріп, үйде сейф барын байқап қалған. 20 желтоқсан күні таңертең бет-ауызын бетпердемен, мойынорағышпен жауып, ерлі-зайыптылардың есігін қаққан. Тапаншамен қорқытып, ақша беруді талап еткен», — деген еді полицейлер.
Сот процесі аяқталды. Қарақшы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгін бұл іске қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Жәбірленуші ерлі-зайыптылар танымал блогер әрі PR маманы Әлішер Елікбаевтың достары болып шықты. Ол өзінің Facebook парақшасында болған жағдай туралы, шабуылдаушының кім екенін, оның қалай қашып құтылмақ болғанын және полицияның бұл жолы қалай жұмыс істегенін егжей-тегжейіне дейін баяндап берді.
«Үйде балалар жоқ еді, тек ерлі-зайыптылар болған. Олар не керегін сұрап, бар заттарын бермекші болған. Бірақ қылмыскер еденге жатуды бұйырып, оларды байламақ болды. Сол сәтте достарым бұл жай қарақшылық емес, өздерін өлтіруге келді деп ойлап, қарсылық көрсетіп, өмірлерін құтқаруға тырысқан. Сол кезде қарақшы оқ атты...», деп жазады Елікбаев.
Ол өзінің достары қазір Жерорта теңізі жағалауында оңалып жатқанын айтты.
Елікбаевтың айтуынша, есікке орнатылған камерасы бар ақылды құлып көп көмек берген. Қарақшы шабуылдың алдында пәтерге тағы бір рет келген, сол кезде камера оның бас киіміндегі бренд жазуын жазып алған. Дәл осы бас киім тергеушілерге қашып бара жатқан қылмыскердің ізіне түсуге мүмкіндік берген.
«Полиция қызметкерлері бас киім арқылы күдіктіні тұрғын үй кешенінен аялдамаға дейін бақылаған. Ол бес рет автобус пен троллейбус ауыстырып, ізін жасыруға тырысқан. Қаланың төменгі жағына барып түскен. Осы уақытта тергеушілер күдіктінің бас киімді қайдан сатып алғанын және қандай банк картасы арқылы төлем жасағанын анықтаған. Сонымен қатар, қылмыс кезінде сол үйден белгі берген, бірақ көршілерге тиесілі емес бейтаныс нөмірді де бақылауға алған...», деп блогер сөзін жалғастырды.
Ұсталғаннан кейін белгілі болғаны — бұл адам тек жәбірленушілердің үйіне жиһаз және сейф орнатқан компанияның қызметкері емес, сол компанияның басшысы болып шыққан.
• Фото: Pixabay.
Жаңалықтар
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр