Электр жарығы сөнді: Жамбыл облысында қатты жел үйлердің шатырларын ұшырды

cover

Жамбыл облысында қатты жел әсерінен Жаңатас қаласында үйлердің шатырлары ұшып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

6 ақпанда Жамбыл облысы Жанатас қаласында қатты жел салдарынан бірнеше тұрғын үйдің шатырлары зақымданып, шатыр элементтері ұшып, аулаға тараған. Қалада электр жарығы өшірілген. Осыған байланысты мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқытуға көшірілді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша тұрғындар зардап шеккен жоқ. Аудан әкімдігі жағдайды бақылау үшін жедел штаб құрды.

 Зақымданған аудандар:

  • Бірінші шағын аудан: №32, 33, 34, 35
  • Үшінші шағын аудан: №6
  • Төртінші шағын аудан: №15 және 15а
  • Сонымен қатар, жел Бейбітшілік көшесіндегі электр желілеріне зақым келтіріп, ауданның жарық жүйесінде үзілістер тудырды.

Жанатас әкімдігі тұрғындарды шұғыл қажеттілік болмаса көшеге шықпауға және абай болуға шақырды. Мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр.

Алдын ала синоптиктер 6 ақпанда өңірдің оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін, таулы аудандарда – 30 метрге дейін күтілетінін ескерткен.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар