Экономист Мақсат Халық инфляция, дағдарыс, қымбатшылық туралы

cover

«Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және нарықта қатаң бақылауды қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдау өте маңызды».

Бұл Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің сөзі. Демек, қымбатшылықтың белең алып жатқаны жасырын емес. Осыдан бір апта бұрын Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебінде «Қазақстандағы халықаралық резерв көлемі 95 млрд АҚШ долларына жетті» деген болатын. Осы тұста «қымбатшылық қайдан пайда болды?» деген сұрақ туындайды.

Осы және өзге де сұрақтар төңірегінде Orda.kz журналисі экономист Мақсат Халықпен әңгімелесіп көрді.

Мақсат Халық

Досаев айтқан 95 млрд АҚШ доллары қайда кетеді?

Бұл бюджетке түсетін және түсіп те жатқан ақша. Өйткені алтын валюта резерв қорына Ұлттық қорда кіреді. 95 млрд доллардың 58,5 млрд доллары қазіргі уақытта Ұлттық қордың қаражаты. Өткен жылы пандемиялық жағдайға байланысты Ұлттық қордан үкіметке 4,7 трлн теңге аударым жасалды. Үсітіміздегі жылы 3 трлн теңге аударым жасап отыр. Бұл да жетпей қалуы мүмкін деген мәселе айтылып отыр.

Екі күн бұрын есеп комитеті мәлімет жариялап, Ұлттық қор шекті мөлшерге жетті деп мәлімдеді. Ол жалпы ішкі өнімнің 30 пайызына дейін сақталу керек. Егер оған дейін жетпесе онда Ұлттық қордың түбі көрініп жатқанының дәлелі. Демек, келесі жылдарда көбірек аударым жасалмаса онда ұлттық қор шектік мөлшеріне жетпеуі мүмкін, - дейді экономист.

Қымбатшылыққа не себеп болып жатыр?

Қымбатшылық дегенде біз пандемияны айтамыз. Одан бөлек Ұлттық банктің ақшаны басып шығаруы тікелей қатысты деп айта аламын. 2020 жылдың қазан айындағы есепке қарасақ, ақша массасының көлемі 24 трлн 180 млрд теңге болған, ал қазіргі уақытта 26 трлн 50 млрд теңге болып тұр. Сонда айналдырған жарты жылдың ішінде 2,5 трлн теңгеден астам қаражат басып шығарылып отыр. Экономикадағы қарапайым заңдылық – ақша массасы неғұрлым артқан сайын, ол инфляцияға әсер етеді.

Экономика біздің қосымша тауарлар, өндіріс ошақтары жасалып жатқанда, бизнес дамып жатқан кезде сол кезде ақша массасы көбейсе түсінеміз. Қазіргі болып жатқан жағдай инфляцияға, тауарлардың қымбаттауына алып келіп соғуда. Бұл жерде үкімет қолмен қаншалықты дәрежеде реттеймін десе де, одан түк шықпайды. Себебі, нарық заңдары мен талаптары бар,- дейді Мақсат Халық.

Ары қарай да бағаның өсуі жалғаса ма, әлде баға осы қалыпта тұра ма?

Бағалар төмендей қоймайды. Бағалар өсімі сақталып, одан әрі өсе береді. Бағаның түсуі деген өте сирек жағдайда кездеседі. Сондықтан ертең осы бағалар қалыпқа келеді дегенге сену қиын. Екінші мәселе халықтың жалақысын арттыру мәселесі. Өйткені қазіргі уақытта бағалар қарапайым халықтың қалтасын қағып тұр. Өткен жылы біздің азаматтарымыз орташа есеппен әр отбасынан азық-түлікке табыс көзінің 56 пайызын жұмсайды, ал 50 пайыздан асты деген сөз ол – критикалық шек. Демек, біздің халқымыз критикалық шекте өмір сүріп жатыр. Азаматтарымыздың табысын арттыру күн тәртібіндегі мәселе болуы керек.

Бізде мұғалімдердің жалақысын арттырамыз деп жатыр, бірақ ол күзде басталады. Әлі табысты өсіруге қол жеткізген жоқпыз, бірақ тауар қымбаттауы басталып кетті. Тенденция ондай болмауы керек. Табыс өсу керек, сосын қымбаттау керек. Бұл орынды заңдылық. Қазір азық-түлік қатты қымбаттап жатыр, бұл  жақсылық емес. Енді біз орташа көрсеткішті айтып отырмыз ғой, бірақ қарапайым халықтың жағдайы одан төмен болуы мүмкін. Қазір ел қарызға алып, жалақы алғанда қарызын жауып, қайта қарызға алуда.

Қазақстанда дағдарыс бола ма?

Пандемияның салдарын көп көреміз. Ұлттық банк болсын, экономика министрлігі болсын болжам бойынша жыл соңына дейін 3,5-4 пайызға дейін экономикалық өсім болады деп жатыр. Әрине, позитивті болған дұрыс, бірақ біз осының бәрі тек қана тауарлар мен қызметтердің қымбаттауымен ғана болатын дүние екенін білуіміз керек. Ондай өсім бізге керек па?

Менің ойымша, реалды жағдайға қарап, халықтың әлеуметтік жағдайын шешу керек. Бұл енді көп жағдайға байланысты салдарын азаматтар көп көреді. Себебі білім саласында да оқылықтар көп болды. Оқу онлайн болды, білім сапасы болған жоқ. Ең бірінші кезекте бізде тиісті кадрлар болмаса онда біздің экономикамымызды дамытатын маман болмайды. Келешекте пандемияның салдарын әлі де көреміз деп ойлаймын. Осы мәселелерді алдын-ала болжамдап, жауапты үкімет  тиісті шешім қабылдау керек. Әрине, бірінші кезекте халықтың денсаулығы. Қазіргі уақытта вакцина мәселесі қолға алынып, жүйеленіп жатыр. Денсаулық саласы оңалып, экономика жақсарады деген үміт бар.

Қазақстан сыртқы қарыздан құтыла ала ма?

Қазірге уақытта Қазақстанның алған қарыздары тиімді шарттарда алынды. Алғашқы жылдарда төлемейтін болдық, кейінірек төлей бастаймыз және төменгі пайызбен алдық. Ондай қарызды көп мемлекеттер ала алмайды. Салыстырмалы түрде қарағанда осы қарызды төлеуге мүмкіндігіміз бар. Бірақ алдағы уақытта қарыз ала бермеу керек, өйткені қарыздың өзі бөлінеді. Егер инвестиция ретінде тартылған қарыз болса, онда қарыздың ешқандай зияны жоқ.

Соңғы уақыттарда мемлекеттің қарызы емес үкіметтің қарызы ұлғайып жатыр. Ол бюджет тапшылығын жабу мақсатында алынып жатыр. Үкімет қарыз алудың бірден бір себебі Ұлттық қор аударған ақша жетіп отырған жоқ. Өткен жылы 4,7 трлн теңге аударылса да, осы жылы 3 трлн теңге аударылайын деп жатса да мемлекеттік бюджеттің шығындары 15 трлн. Мемлекеттік бюджетке салықтардан түсетін ақшалар 8 трлн ға да жетпейді. Арғы жағындағы 7 трлн ақшаны қайдан алады. Оны толтырудың үш жолы бар. Біріншісі Ұлттық қордан трансферттік түрде алу, екіншіден сыртқы қарыз алу, үшіншіден басып шығаратын станок арқылы алу. Барлығының кері салдары бар.

Елдегі  импорт, экспорт қалай жүріп жатыр?

Біздің сатып жатқан тауарымыздан гөрі сатып алып жатқан тауарымыз өте көп. Жалпы ол экономикамыздың қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Өйткені, мемлекет өзін-өзі тауарлар мен өнімдер арқылы қамтамасыз еткен кезде мемлекет қауіпсіздігі болады. Біз импорттық тәуелді болып тұрсақ, онда бізде көк қағазға деген сұраныс тоқтамайды. Үкімет үшін қазірден бастап қымбатшылыққа қарсы күресті бастау керек. Ең біріншіден теңгенің құнын арттыру бойынша жұмыс жүргізілу керек. Құнын арттыру үшін импортты алмастыра алатын өнімдер елдің ішінен шығуы керек. Сол кезде арзан несиелер пайда болып, халыққа тиімді дүниелер көп болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар