«Экологиялық заңнама»: ШҚО-да қытайлық компанияға 1 млрд айыппұл салынды
Фото: Pexels
ШҚО-да экологиялық нормаларды бұзған қытайлық компанияға 1 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Orda.kz.
ШҚО-ның мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша Экология департаменті «СИНЬСИН Құрылыс және Даму Қытай компаниясы» ЖШС-іне тексеру жүргізді.
Тексеру барысында экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталды — ІІ санаттағы объектілер үшін қажетті экологиялық рұқсатсыз асфальт-бетон зауыты мен ұсату кешені пайдаланылған.
2024 жылдың 21 қарашасындағы инспектор қаулысымен серіктестікке ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Бұл қаулыға қатысты серіктестік Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына шағым түсірді.
2025 жылдың 4 наурызындағы сот қаулысымен серіктестіктің кінәсі дәлелденіп, оған 1 миллиард теңге айыппұл салынды. Серіктестік жоғары тұрған сотқа шағымданды, бірақ 2025 жылдың 10 сәуіріндегі апелляциялық инстанция қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалды.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды