Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған

cover Фото: әлеуметтік желіден

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Қатимов пен Ризуан Хайржанов әлі күнге дейін Атыраудағы тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды Orda.kz Ақ Жайыққа сілтеме жасап. 

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың әлі этапталмағанын мәлімдеді.

«Өмір бойына сотталғандар қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр. Оларды этаптау үшін ҚР ұлттық ұланының арнайы қарауылын бөлуге өтінім жолданды», — деді Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы Азамат Ізтілеуов. 

Оның айтуынша, арнайы қарауыл бөлінгеннен кейін сотталғандар жазасын өтеу орнына жеткізіледі. Алайда нақты қашан жөнелтілетіні әзірге белгісіз.

Бұған дейін марқұмның анасы Галина Легкодимова қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми түрде жүгініп, сотталғандардың қашан этапталатынын түсіндіруді сұраған.

Айта кетейік, 2025 жылы Атырауда 23 жастағы бойжеткенді өлтірген екі қылмыскер өмір бойына сотталды. 

Қайғылы жағдай 2024 жылдың 18 қазанында болған. Ризуан Хайржанов Янаны көлік ішінде буындырған. Ал Алтынбек Қатимов қыз қашып кетпеуі үшін есікті ұстап тұрған. Кейіннен олар Талдыкөл ауылына қарай барып, қыздың мәйітін Жайыққа тастаған. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар