Израильде Pfizer вакцинасынан 13 адам уақытша сал болды

cover

Израильде 13 адам Pfizer вакцинасын алғаннан кейін уақытша сал ауруына шалдыққан, деп хабарлайды The Times of Israel.

Екінші дозаны қабылдаған 600 адамның көпшілігінде ыңғайсыздықпен қатар инъекция аймағында ауырсынулар болған.

Сондай-ақ, тағы үш адам ауыздағы метал дәміне, тыныс алудың қиындауына шағымданды, бір науқас есінен танды.

Азаматтардың өтініштерінен кейін Израиль медициналық қауымдастығы Денсаулық сақтау министрлігіне бірінші вакцинациядан кейін сал ауруына шалдыққан адамдарға екпенің екінші дозасын бермеуге кеңес берді.

Сал ауруы туралы әлі де ақпарат жеткіліксіз, деп атап өтті қауымдастық.

Израильде жаппай вакцинация 2020 жылдың желтоқсанында басталды.

Норвегияда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасымен егілген 23 адам қайтыс болды. Қазір мамандар өлімнің нақты себептерін анықтап жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар