«Ирина Кайратовна» концерті өткен Rixos отеліне айыппұл салынды

cover

Ақтаудағы Rixos қонақ үйіне «Ирина Кайратовна» тобының концертін ұйымдастырғаны үшін 2,3 миллион теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Қонақ үй басшылығына Маңғыстау облысының covid-19 таралу қарқыны бойынша «сары» аймаққа кіргеннен кейін өткен қазақстандық топтың концертіне айыппұл салынды.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Сонымен қатар, Ақтау Rixos парақшасында іс-шараның анонсы жарияланды, бірақ көп ұзамай хабарлама жойылды.

Пікір қалдырғандар бұған дейін әртістер оқшаулануды қолдау мақсатында бірнеше тректер жазғанын, сондай-ақ шектеулерді бұзғандарды мазақ еткенін айтады.

Концерт екі мыңнан астам адам жинады. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, айыппұл сомасы 800 АЕК немесе 2 млн 333 мың теңге болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар