Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад қаза тапты

cover Фото: ATTA KENARE/AFP

Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад Тегеранда АҚШ пен Израильдің шабуылы кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz ирандық ILNA агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Ахмадинежад Нармак ауданында өзінің күзетшілерімен бірге мерт болған. АҚШ пен Израильдің 28 ақпандағы шабуылында оның үйіне зымыран түскені хабарланған.

Махмуд Ахмадинежад Иран президенті қызметін 2005 жылдан 2013 жылға дейін атқарды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар