Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады

cover Фото: Бейнеден кадр

Әзербайжанның Нахчыван әуежайына дрон шабуылы жасалды, деп хабарлайды Orda.kz Әзербайжанның APA агенттігіне сілтеме жасап. 

Нахчыван әуежайына Иран жағынан ұшқан ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) шабуыл жасаған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуежайға бағытталған дрон әуе қорғаныс күштері тарапынан атып түсірілген болуы мүмкін.

Сондай-ақ Нахчыван аумағына бірнеше дрон құлағаны туралы да хабар тарады. Мәліметтерге қарағанда, олардың бірі әуежайға шабуыл жасаған, ал тағы бірнешеуі өңірдің басқа жерлеріне құлаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар