Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы

cover Коллаж: Orda.kz

Иран мен Оман арасындағы Ормуз бұғазы маңындағы шиеленіс әлемдік мұнай жеткізілуіне әсер етіп, Қазақстандағы мұнай бағасының уақытша өсуіне әкеледі. Бұл қысқа мерзімде экономикаға оң ықпал етуі мүмкін, ал ұзақ мерзімде қалай әсер етеді ? Orda.kz саралап көрді.

Иран мен Оман мемлекеті арасында орналасқан Ормуз бұғазы әлемдік мұнайдың басты «қақпасы». Күн сайын бұл тар өткелден шамамен 20 миллион баррель мұнай өтеді, яғни теңіз арқылы тасымалданатын әлемдік мұнайдың бестен бірі. Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, Қатар және БАӘ өндірген мұнайдың негізгі бөлігі осы бағыт арқылы әлемге жеткізіледі.

Соңғы күндері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққысынан кейін Иран Парсы шығанағы мен Оман шығанағында әскери әрекеттерін күшейтті. Кейбір танкерлер қозғалысын баяулатып немесе альтернативті жол іздеуде. Күні кеше  Палау туымен жүрген Skylight мұнай танкеріне Ормуз маңында шабуыл жасалды. Оман теңіз қауіпсіздігі орталығының мәліметінше, 20 адам эвакуацияланды, төртеуі жарақат алған.

Oрмуз бұғазының бұғатталуы Қазақстан сияқты мұнай экспорттаушы елдерде мұнай бағасы уақытша өсуіне әкеледі. Бұл экономикаға оң әсер етуі мүмкін. Сарапшылар мұндай жағдайда Ұлттық қорға түсетін кіріс көбейіп, теңгеге қысым азаятынын айтады. Алайда бұл — уақытша әсер. Әлемдік инфляция өссе, Қазақстан импорттайтын тауарлар — азық-түлік, техника, дәрі-дәрмек, өндірістік жабдықтар — қымбаттап, ішкі нарықтағы баға да күрт өсіп кетеді. Сонымен қатар жаһандық экономика баяуласа, мұнайға сұраныс төмендеп, оның бағасы қайта құлдырауы мүмкін.

Сондықтан Ормуз бұғазы тек географиялық өткел емес, әлемдік мұнай тасымалының қақпасы және жаһандық экономика үшін ең осал нүктелердің бірі. 

Oқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар