Ирандағы наразылықтың мақсаты монархты қайтару емес
Фото: azertag.az
Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи 9 қаңтарда ұлтқа жасаған үндеуінде наразылық білдірушілерді «бұзақылар» және «диверсанттар» деп атап, елдегі шерулерге қарамастан «шегінбейтінін» мәлімдеді. Бұл туралы Orda.kz Alarabia-ға сілтеме жасап хабарлайды.
8 қаңтар күні кешке режимге қарсы шыққан адамдар ірі қалаларда көшеге шығып, «диктаторға өлім» деген ұрандар айтып, ресми ғимараттарды өртеді. Наразылықтардың ушығуына байланысты билік ел аумағында интернетті өшірді. Қазіргі таңда Иранда нақты не болып жатқаны белгісіз.
Бейне: Babak Taghvaee / Х әлеуметтік желісінен
1989 жылдан бері Иранды басқарып келе жатқан 86 жастағы Хаменеи желтоқсан айының соңынан бері елдегі ушыққан жаппай наразылықтар басталғалы бері алғаш рет жұрт алдына шықты. Ол наразылыққа шыққандар АҚШ президенті Дональд Трампқа жағуға тырысып жүр деп мәлімдеп, Трамптың «қолы ирандықтардың қанына боялған» деді.
Ал Трамптың өзі қаңтардың басында, егер Иран бейбіт наразылық білдірушілерге оқ ататын болса, АҚШ «көмекке келеді» деп мәлімдеген болатын.
Бейне: Babak Taghvaee / Х әлеуметтік желісінен
Ирандағы қазіргі режимнің басты сыншыларының бірі — 1979 жылы тақтан құлап, отбасымен елден қашуға мәжбүр болған Иранның соңғы шахының ұлы Реза Пехлеви де бұл оқиғалардан тыс қалған жоқ. Қазіргі таңда ол АҚШ-та тұрады. Пехлеви биліктің репрессиялық қуатын әлсірету үшін «халық санын одан әрі арттыратын ауқымды наразылықтарға» шақырды.
Журналист, иран тарихын зерттеуші әрі жазушы Никита Смагин наразылық қозғалысының көшбасшысы ретінде дәл осы Реза Пехлевиді атап, оның мақсаты — Ислам Республикасын жай ғана құлату емес, Иранда монархияны қайта орнату деп есептейді.
«Бейсенбіден жұмаға қараған түн — тарихи сәт. Алғаш рет, тіпті олардың бәрі бірдей оның жақтасы болмаса да халық жаппай Пехлевидің үндеуіне шықты. Енді, менің ойымша, оның көшбасшылығы еш күмәнсіз мойындалуы мүмкін» деп жазды ол.
Оның пікірінше, билік тек наразылықтардан ғана емес, екі бірдей қауіптен сескеніп отыр, оның бірі — биліктің заңды дағдарысы болса, екіншісі — Израиль мен АҚШ тарапынан болуы мүмкін әскери араласу.
Сонымен қатар Иранның мемлекеттік телеарнасы кешке көшеге шыққан кез келген адамға оқ атылатынын мәлімдеп, ескерту жасады.
Айта кетерлігі биылғы маусым айында Иранның Жоғарғы көшбасшысы өзі қаза тапқан жағдайда кімнің мұрагер болатынын алдын-ала айтқан болатын. Аятолла Әли Хаменеи елдің Сарапшылар ассамблеясына егер ол қасақана қаза тапса, оның лауазымын атқара алатын діни қызметшілер арасынан үш кандидатты таныстырды.
Соңғы күндері Иранда не болып жатқаны туралы келесі материалдардан оқуға болады:
Ирандағы наразылық тәртіпсіздік пен қақтығысқа ұласты
Иран Израильге зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар қолданып шабуыл жасады
Әлем көшбасшылары мен елдері АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы агрессиясына қарсы үн қатты
Қымбатшылық наразылығынан тұтанған Ирандағы «Қаңтар оқиғалары» қалай жалғасуда
Жаңалықтар
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды
- Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды
- Полициядан қашқан: Астаналық мектеп оқушысы жүк пойызының төбесінен құлап кетті
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті