Ирандағы балабақшаларда ағылшын тілі оқытылмайтын болды

cover Фото: freepik.com

Иран балабақшаларында ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытуға тыйым салынды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Azad Iran телеграм арнасының мәліметінше, бұл шешім туралы ұлттық мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы Хамид Реза Шейхул-Ислам айтқан.

«Біз ережелердің сақталуын қадағалаймыз және қажет болған жағдайда тиісті шара қолданамыз», - деді ол өз мәлімдемесінде.

Шет тілі ретінде тек ағылшын тілі ғана емес, басқа тілдерді де оқытуға болмайды. Хамид Реза Шейхул-Ислам балабақшада тек араб тілінің оқытылуы шарт екенін айтты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар