Иранда президент сайлауы 28 маусымда өтеді

cover Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы Иранның Ирна агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

"Сайлау күні бүгінде президент қызметін атқарып жатқан Иранның бірінші вице-президенті Мұхаммад Мохбер, сот жүйесінің басшысы Голам Хосейн Мохсени-Эджеи, парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф, сонымен қатар президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президенті Мохаммад Дехган мен Иранның Конституциялық кеңесі мен ішкі істер министрлігі өкілдері қатысқан отырыста белгілі болды" делінген хабарламада. 

Еске салайық, Иран президенті Ибрахим Раиси мен оның сыртқы істер министрі тұманды таулы аймақта тікұшақ апатынан қаза тапты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар