Иран соғысы: Ормуз бұғазы маңында 150 кеме кептеліп тұр

cover Фото: Ашық дереккөзден

Кемелерді қадағалау қызметі MarineTraffic деректеріне сәйкес, Парсы шығанағының ашық айдынында, Ормуз бұғазында кемінде 150 кеме қаңтарылып тұр. Олардың арасында шикі мұнай мен сұйытылған табиғи газ тасымалдайтын танкерлер де бар, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тағы бірнеше ондаған кеме шығанақтың екінші жағында тоқтап тұр. Кемелер Парсы шығанағындағы ірі мұнай өндіретін елдердің, соның ішінде Ирак пен Сауд Арабиясының, сондай-ақ сұйытылған табиғи газ өндіруден әлемдік көшбасшы саналатын Катардың жағалау маңындағы ашық суларда шоғырланған.

Ормуз бұғазы — Парсы шығанағын Оман шығанағы және Араб теңізімен байланыстыратын мұнай мен газ тасымалдауға арналған негізгі теңіз жолы. Ол арқылы әлемдік мұнай көлемінің шамамен 20%-ы және сұйытылған табиғи газдың 30%-ына дейінгі бөлігі өтеді.

Иран америкалық кемелердің Парсы шығанағына кіруіне шектеу қойған.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар