Иран МАГАТЭ басшысын ядролық нысандарға кіргізуден бас тартты
Фото: Zuma / ТАСС
Бұл шешім АҚШ пен Израильдің шабуылдарына агенттік жәрдемдесті деген айыптауларға байланысты қабылданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тегеран МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гроссиге және агенттік инспекторларына елдегі ядролық нысандарға кіруге тыйым салды әрі бейнебақылау камераларын орнатудан бас тартты, деп жазады Deutsche Welle.
Иран парламенті төрағасының орынбасары Хамид Реза Хаджи Бабайдың айтуынша, Иран енді Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директорын өз ядролық нысандарына кіргізбейді.
Сондай-ақ Тегеран ядролық бағдарламамен байланысты нысандарда бейнекамералар орнатудан да бас тартты.
Бұған дейін агенттік инспекторларына елге кіруге тыйым салынған болатын, бірақ бұл тыйым МАГАТЭ басшысына қатысты ма, жоқ па, белгісіз еді. Енді бұл мәселеге де ресми жауап берілді.
Иран МАГАТЭ-ні АҚШ пен Израильдің ядролық нысандарға жасаған шабуылдарына көмектесті деп және агенттіктің бұл шабуылдарды айыптамағаны үшін сынға алды. АҚШ-тың соңғы операциясынан кейін Рафаэль Гросси Иранда ядролық бағдарламаны жалғастыруға мүмкіндік беретін ресурстар мен білімнің сақталып отырғанын айтып, уран қорының көлемін тексеру үшін нысандарға қолжетімділік қажет екенін мәлімдеген еді.
Бұған дейін Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи елшілермен кездесу барысында Иран ядролық қарудың болмайтынын растайтын халықаралық келісім жасасуға дайын екенін мәлімдеген болатын.
Дегенмен Иран делегациясы Омандағы АҚШ өкілдерімен жанама келіссөздер кезінде Вашингтонның ядролық бағдарламасын шектеудің орнына санкцияларын жеңілдетуге ұмтылды.
14 маусым күні Иран Израильдің шабуылынан кейін АҚШ-пен ядролық бағдарлама тұрғысындағы келіссөздердің «мәні жоқ» деп мәлімдеді.
Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) келіссөзді күтпестен 200-ден астам ұшақ пен 330-дан астам оқ-дәрілерді қолданып, Ирандағы 100-ден астам нысанға, соның ішінде ядролық нысандарға соққы берді.
АҚШ әскери-әуе күштерінің Иранға жасаған шабуылынан кейін бірінен соң бірі әлем көшбасшылары, халықаралық ұйымдар мен ведомство басшылары өз пікірлерін білдірді.
Президент Дональд Трамп АҚШ армиясына Йемендегі хуситтерге қарсы ауқымды әскери операция бастау туралы бұйрық берді.
Жалпы Америка басшылығына Трамп келгелі бері әлемнің саяси ахуалы шиеленісе түсті. Ара ағайын болып екі жақты татуластыруға әлем алдында берген АҚШ көшбасшысының уәдесі көбіне желге ұшып жатыр.
Жаңалықтар
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп бастады
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз