Иран Израильдің шабуылынан кейін АҚШ-пен ядролық бағдарлама тұрғысындағы келіссөздердің «мәні жоқ» деп мәлімдеді
Фото: tasnimnews.com
Иран Вашингтонды Израильдің әскери шабуылын қолдады деп айыптады және АҚШ-пен Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты диалогтың енді «мәнсіз» екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz Jerusalem Post-қа сілтеме жасап.
Екінші тарап (АҚШ) өзін диалог мағынасыз болатынын білгендей ұстады. Сионистік режимге (Израильге) Иран аумағына соққы жасауға мүмкіндік бере отырып, келіссөздерге дайын екенін мәлімдеуге және рөлдерін бөлісуге болмайды, деп жазды Иран СІМ өкілі Эсмаил Багаи Хамане.
Ол Израиль дипломатиялық үдеріске «ықпал ете алғанын» және Израиль шабуылы Вашингтонның мақұлдауынсыз болмайтынын айтты.
Jerusalem Post хабарлағандай, АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің алтыншы раунды жексенбі күні Маскатта (Оман) өтуі тиіс еді, бірақ израильдік тараптың соққысынан кейін кездесудің өтетіні беймәлім.
Иран өзінің уранды байыту бағдарламасы тек азаматтық сипатта екенін айтып, Израильдің ядролық қаруды жасырын әзірлеу туралы айыптауын жоққа шығарады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Рейтер агенттігіне Израильдің алдағы шабуылдарын өзі және оның командасы білетінін, бірақ соған қарамастан әлі де болса келісім жасау мүмкіндігін көріп отырғанын айтты.
Кеше кешке Иран қарулы күштері Израиль аумағындағы ондаған нысанаға шабуыл жасады. Тель-Авивте және оның төңірегіндегі елді мекендерге зымырандар құлады.
Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи Израиль өзінің шабуылымен «соғыс бастағанын» және бұдан кейін оның «зақымсыз қалуына» жол берілмейтінін мәлімдеді.
13 маусымда Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 200-ден астам ұшақ пен 330-дан астам оқ-дәрілерді қолданып, Ирандағы 100-ден астам нысанға, соның ішінде ядролық нысандарға соққы бергенін мәлімдеді. Кеше ғана Иран Жамқаран мешітінің үстіне қып-қызыл «кек туын» көтерді.
Қауіптің шиеленіскеніне орай Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
Жаңалықтар
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды
- Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды
- Полициядан қашқан: Астаналық мектеп оқушысы жүк пойызының төбесінен құлап кетті
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды