Иран халқы Ибрахим Раисимен қоштасты

cover Фото: Reuters

Иранның Табриз қаласында тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Эбрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахианмен қоштасу рәсімі басталды.

IRNA агенттігінің хабарлауынша, рәсімге бірнеше мың адам қатысты. Кадрлардан көрініп тұрғандай, басым көпшілігі қара жамылған.

Рәсімнен кейін Иран көшбасшысының денесі салынған табыт президенттік рейспен ел астанасы Тегеранға жөнелтіледі. Осыдан кейін ол ирандық шиіттердің діни орталығы орналасқан жақын маңдағы Құм қаласына жеткізіледі. Ол жерде де  Раисимен қоштасу рәсімі өтеді.

Иран президентін жерлеу рәсімі 23 мамырда республиканың солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында өтеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар