Индира Елеместі түрмедегі бұрынғы күйеуі үйсіз қалдырды
Фото: Instagram/ indiraelemes
Қазақстандық әнші Индира Елемес президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектен көмек сұрап, бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол 2018 жылы RAMS құрылыс компаниясынан сатып алған пәтерін түрмеде отырған бұрынғы күйеуі сатып жібергенін мәлімдеді.
Индира Елеместің айтуынша, ол Ile De France тұрғын үй кешенінен өз қаражатына үш пәтер сатып алған. 2024 жылдың қарашасында әншінің бұрынғы күйеуі Иманмәди Қалелхан ұсталған. Алайда көп ұзамай Елемес балаларымен тұрып жатқан үйінің 25 млн теңгеге сатылып кеткенін білген. Әншінің сөзінше, сол үйдің нарықтағы құны 125 млн теңге шамасында.
Елемес экс-жұбайының «Варрант Инвест Груп» құрылыс компаниясына қалайша қолхат жазып бергенін түсінбей отырғанын айтты.
«RAMS компаниясының басшысы Рамазан Бұлбұлға бірнеше рет жолықтым. Нәтиже болмаған соң мәселені әлеуметтік желіде жариялауға мәжбүр болдым. Барлық заңды құжат менің қолымда. Үй менің атымда тіркелген. Ең сорақысы — туған әкесі балаларын ойламай, ол үйді сатып жібергені. Бұл баспана оған ешқандай қатысы жоқ, себебі үй алған кезде арамызда заңды неке болмаған», — дейді әнші.
Индира Елемес бұл іс бойынша Медеу аудандық полиция бөліміне арыз жазған, бірақ іс қысқартылып кеткен.
Сонымен бірге, ол түрмеде отырған бұрынғы күйеуінің әлеуметтік желіге үнемі кіріп, хат арқылы қорқытып жүргенін айтты. Әншінің сөзінше, ол тек өзіне емес, туыстарына да қысым көрсетіп келеді.
Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова заңсыз ұтыс ойындары үшін жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
- Полиция Шахтинск қаласындағы өртке кінәліні ұстады
- Зеленский Ресей жаппай қауіпті соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеді
- Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды
- Трамп Иранмен уақытша бітімге келді: Соғыс 5 күнге тоқтады
- Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап елдерді шарпып жатқанына қарсымыз: Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті
- Атырауда мереке кезінде 80-ге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалды
- Алдағы күндері оңтүстік өңірлер 28 градусқа дейін жылынады
- Тоқаев «Тазару күніне» орай қазақстандықтарға үндеу жасады
- Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігіне соғылды: Зардап шеккендер бар
- Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлап түсті
- Трамп Израильге барып, беделді марапат алуды қарастырып отыр
- Шахтинскіде газ жарылды: Сегіз адам зардап шекті
- Қар жеп жан баққан: Абай облысында 5 күн бұрын жоғалған малшы табылды
- Қазақстан мен Иран президенттері бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады
- Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
- Астанада жасанды интеллект бойынша алғашқы халықаралық олимпиада өтеді
- Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық футбол құрамасынан кетті
- Ботагөз Омарованың ісі бойынша журналистер Тоқаевқа үндеу жасады, Балаева пікір білдірді
- Украина бейбіт келісімге жақындады ма?
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз құтты болсын!