Індет, токсикоз және тұншығу: Маңғыстаудағы каспий итбалықтарының жаппай қырылу себептері айтылды
Фото: wallpaperflare.com
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022–2024 жылдары аралығындағы Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауынан табылған каспий итбалықтарының жаппай қырылу себептерін атады, деп хабарлайды Orda.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Министрліктің аталған басылымның ресми сауалына берген жауабында итбалықтардың жаппай қырылуына созылмалы токсикоз, жыртқыштар обасы, сондай-ақ өткір пневмония мен теңіз түбінен табиғи газдың шығуы салдарынан болған тұншығу себеп болғаны айтылған.
Итбалықтардың иммунитетінің төмендеуі, жұқпалы аурулардың көбеюі және климаттық жағдайлардың нашарлауы онсыз да азайып бара жатқан популяцияның жойылып кету қаупін күшейткен екен.
«Ғылыми ұйымдар мен құзырлы мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған топтың қорытындысы бойынша, 2022 жылдың күзі мен 2023 жылдың көктемінде табылған итбалықтардың негізгі қырылу себебі — иммунитеттің және ағзаның жалпы төзімділігінің төмендеуі салдарынан жұқпалы ауруларға бейімділіктің артуы аясында дамыған жыртқыштар обасы мен өткір пневмония болған», — деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы ТАСС сауалына берген жауабында.
2024 жылдың күзінде зертханалық зерттеулер жүргізу барысында қиындықтар туған: жағаға шығып қалған итбалықтардың көбінің денесі қатты ыдырап кеткен. Соған қарамастан, ғалымдар бірнеше өлекседен тін, жүн, тырнақ және азу тіс үлгілерін алып, сараптама жүргізген.
Вице-министрдің айтуынша, ғылыми ұйымдар өкілдерінің болжамына сәйкес, 2024 жылы табылған итбалықтардың көпшілігінің қырылуына құстардың аса патогенді тұмау вирусы, иммун тапшылығы аясында дамыған нейровирустық инфекция және теңіз түбінен бөлінген табиғи газ салдарынан судың бетінде тыныс алуға жарамсыз газ линзасының түзілуінен болған тұншығу себеп болуы мүмкін.
Жоғарыдағы зерттеу 2022-2024 жылдардың қорытындысы делік, дегенмен жақында ғана Каспий теңізінің жағалауында Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарының маңайында 70 өлі итбалықтың ұшасы табылды. Бұл толқынмен жағаға шығып қалғандары, ал су астына шөгііп кеткендерін кім біліп жатыр?!
2024 жылғы қараша айында Каспий жағалауындағы итбалық өлекселерінің саны екі мыңға жетті. Иә, бұл жағалауға шығып, көзге ккөрінгендері ғана.
Аурулардан бөлек, итбалық популяциясының көбеюіне климаттың өзгеруі де кері әсер етуде: қыс мезгілінің қысқаруы, Каспий деңгейінің төмендеуі, кеме қатынасы және балық аулау торларына кездейсоқ түсуі. Мұның бәрі итбалықтардың әдеттегі — мұз үстінде көбею жағдайларын бұзады.
Каспий итбалығы — 2020 жылдан бері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген эндемик түр. XX ғасырдың басымен салыстырғанда оның популяциясы 70–90 пайызға дейін азайған.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?