Ильхам Әлиевтің күзеті наразы топпен қақтығысты: Елшілік түсініктеме берді

cover Фото: armenpress.am

Әзірбайжан елшілігі АҚШ-тағы наразылық білдірушілер ел президенті Ильхам Әлиевтің көлігіне шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.      

Әзірбайжанның АҚШ-тағы елшілігі ел президенті Ильхам Әлиевтің күзеті не себепті наразылыққа шыққандармен қақтығысқа барғанын түсіндірді. Дипломатиялық миссияның мәліметінше, наразылық білдірушілер тобы Вашингтонда Әзірбайжан басшысының кортежіне шабуыл жасауға әрекеттенген. Тиісті хабарлама ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

Белгілі болғандай, оқиға 19 ақпанда Waldorf Astoria Washington DC қонақүйінің маңында болған. Әлиев АҚШ-қа президент Дональд Трамптың шақыруымен келіп, осы қонақүйге тоқтаған. Дәл сол сәтте мемлекет басшысының күзеті мен бір топ наразылық білдіруші арасында жанжал туындаған.

«Президент кортежі қонақүйге жақындаған кезде, наразылық білдірушілер күзетілетін аймаққа күшпен кірмек болып, президент мінген көлікке шабуыл жасамақшы болды» деп жазылған Әзірбайжан елшілігі мәлімдемесінде. 

Сондай-ақ елшілік өкілдері қауіпсіздік қызметкерлері наразылық білдірушілер әрекеттеріне жауап ретінде қажетті шара қабылдағанын атап өтті. Сондықтан күзет қызметі заңсыз әрекет етті деген айыптаулар негізсіз деп саналады.

«Ел көшбасшысы мен күзетілетін кортежге қарсы бағытталған әрекеттерге жауап ретінде қабылданған қауіпсіздік шараларын бұрмалау және айып тағу әрекеттерін үзілді-кесілді жоққа шығарамыз» деп жазылған хабарламада. 


Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар