ІІМ Санжар Боқаевты экстремистер тізіміне қосты
Фото: Санжар Боқаев бейнеден кадр
Қазақстандық блогер әрі қоғам белсендісі Санжар Боқаев іздеу базасынан табылды. Алматы әуежайында полиция қызметкерлері оны ұстамақ болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Боқаевқа полиция қызметкерлері оның аты-жөні іздеу базасына енгізілгенін айтқан. Блогерді ақыр соңында босатқан. Дегенмен ол жағдайдың мән-жайын анықтауға тырысты. Боқаевты полиция қызметкерлері ұстаған сәті блогердің YouTube арнасында жарияланды.
«Кеше Алматы әуежайында қызық жағдай болды. Мен бір адаммен кездесуге барған едім. Әуежай ғимаратына кіргеніме бес минут та болған жоқ, полиция қызметкері келіп, өзін таныстырып, менің іздеуде екенімді айтты», — деді Боқаев.
Полиция қызметкері ұялы телефонын ашып, іздеу базасындағы оның есімін, суретін және «азаматтық белсенді» деген жазудың қылмыскерлермен бірге қатар тұрғанын көрсеткен.
«Әрине, қатты таң қалдым. Бірақ маңызды кездесуге баруым керек болғандықтан, полициядан күте тұруын сұрадым. Полиция қызметкері менің қасымнан бір қадам да қалмады, кездесу біткенше арт жағымда тұрды. Кейін тағы екі полиция қызметкері келді. Содан соң олар кенет «Кешіріңіз, бара берсеңіз болады» деді. Алайда, мені не үшін тоқтатқандарын және қай іздеу базасында екенімді анықтау үшін олармен бірге полиция бөлімшесіне бардым», — деді Боқаев.
Полиция бөлімінде блогерге алғашында не болғанын түсіндіруден бас тартқан. Бірақ ол жауап талап етіп, бәрін телефонына жазып жүрген соң, ақырында кезекші қызметкер Боқаевқа түсініктеме берген. Қызметкердің сөзінше, әуежайда бет-әлпетті тану жүйесі орнатылған және ол құрылғы іздеуде жүрген адамдарды анықтайтынын, әрі белгісіз себептермен қоғамдық белсенділерге де әсер ететін көрінеді.
Осы түсініктемеден 15 минут өткен соң, бір полиция басшысы базаға Санжар Боқаевқа ұқсас адам түскен болуы мүмкін деп болжады, яғни қателік болғанын айтты. Блогерді ұстауға әрекет жасаған полицейлерді жазалайтындарына уәде етті. Санжар Боқаев полиция қызметкерінің смартфонында, база деректері көрсетілген жерде, өзінің аты-жөні жазылғанын атап өтті. Сондықтан қателік болуы мүмкін деген болжам қисынсыз.
Блогер өзінің суретін, деректерін іздеу базасына кімнің енгізгенін анықтады. Бұл – Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы күрес департаменті екені белгілі болды.
«Біздің елде шындықты айту енді экстремизм бе? ІІМ, сіздер не істеп жатқандарыңызды түсінесіздер ме? Ұят емес пе? Қай демократия, қай жаңа Қазақстан туралы айтып тұрсыздар?» — деп ашуланды Санжар Боқаев.
Бейнежазбада ол құқық қорғау органдарының бұрынғы әрекеттері туралы еске салды. Белсендінің айтуынша, полицейлер оның пәтерінен тың тыңдап, сауда орталықтарында аңдып, кейін қашып кеткен және тыңшылық құралдарын орнатқан кездері де болған.
Orda.kz осы жағдайды анықтау үшін ІІМ-ге сауал жолдады.
Жаңалықтар
- Баянсұлу мен Қуат Әбіловтің дауы: Не белгілі?
- Қамалған Әділетхан Молдахан туралы не белгілі?
- Сәуірден бастап бақылау күшейеді: аударымдар да назарда
- Елімізде пойыз қозғалысын реттеуде Starlink спутник жүйесі қолданылады
- Баян Алагөзова: Радикализм, «Алтын Ханым» және әл-Фарабидегі апаттар
- Жетісу облысында магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды
- Алматыда әр бесінші мопед тіркелген: Курьерлік қызметтер мотокөлікті көбейтіп жіберді
- Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: зардап шеккендердің жағдайы қандай?
- Елімізде 400-ден аса жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды
- Мүлкін иемденгісі келген: Павлодарда әйелін әдейі суға батырып өлтірген ер адам сотталды
- 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғанын полиция растады
- Израильде өлім жазасы неге бәріне бірдей жүрмейді? Заңға шолу және халықаралық реакция
- Израильде терроризм үшін сотталғандарға өлім жазасын кесетін заң қабылданды
- Сапасыз жолдан көлігіңіз сынса — «ҚазАвтоЖол» ақы төлейді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды
- Тоқаев ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жобасын мақұлдады
- Трамп: АҚШ Ирандағы әскери операцияларды тоқтату мәселесін талқылап жатыр
- Жеңіл пайда: TikTok-та халықты алдап 20 млн табыс тапқан адам ұсталды