Хасан Қасымбаевтың жартылай жабық соты: Тергеуші адвокатқа ескерту беруін сұрады
Коллаж: Orda.kz
«Хуторлық бандының басшысы» деп танылған Хасан Қасымбаевтың сотында куәгерлерден жауап алу әлі де жалғасып жатыр. Бүгінгі сотта Хасанның қылмысына тергеу жүргізген куәгерден жауап алды.
Талғар аудандық сотына барып келген Orda.kz тілшісі істің мән-жайын баяндайды.
Сот бастала сала Хасанның қорғаушы адвокаты Ерлан Меңдешев судьяға тергеуші Ғ. Нариманұлына ескерту жасауын сұрады. Оның айтуынша, қойған сұрақтарға «білмеймін» деп жауап беріп, жауапкершіліктен қашпақ. Ал араға уақыт салып, тергеуші Нариманұлы адвокат Меңдешевке ескерту беруін сұрады.
Оның сөзінше, адвокат жауап беріп отырған тергеушіге сұрақтар қою арқылы қысым жасап отыр.
Тілге тиек етейік, жәбірленушілер мен куәгерлердің сотта айтқан жауаптарын БАҚ өкілдеріне жариялауға сот рұқсат бермеді. Ал бұған дейін сот залына кіргізбеген соң, тілшілер тек онлайн режимде қатысуға мәжбүр болды. Алыстан сотқа арнайы келген журналистер басқа бөлмеге жайғасып, соттың барысын тек онлайн бақылауға мүмкіндік алды. Тілшілер бірнеше рет судьяға өтініш жасап, сот залына кіруге рұқсат сұрағанымен, өтініштері қараусыз қалды. Көрші бөлмеде онлайн режимде көру тілшілердің жұмысын едәуір қиындатты. Дауыс жаңғырып шығып, сотқа қатысушылардың не айтқаны анық естілмей, ақпарат алу әзірге қиын болып жатыр.
Сондай-ақ Хасан Қасымбаевтың қорғаушы адвокаты Ерлан Меңдешев те судьяға БАҚ өкілдерін кіргізуді сұрағанымен, судья оның өтінішін елемеді.


Еске сала кетейік, Тәжиевтің тарапынан куәгерлік етіп отырған Ринат Исаинов Аюпжан Тәжиевтің кафеге алып барғанын алайда, ешқандай төбелесті көрмегенін, сондай-ақ, нақты Хасан Қасымбаевты да көрмегенін, жай ғана соған ұқсайтын ірі денелі адамды ғана көргенін айтты. Ал Хасанның қорғаушы адвокаты Гүлмира Бабажанова Orda тілшісіне тергеуші куәгерден жауап алу кезінде «Хасанға ұқсас адам» деп айтса да, тергеуші оны Хасан деп жазып жібергенін айтқан болатын.
Кейін Аюпжан Тәжиев пен Хасан Қасымбаевты сот беттестірді. Беттестіруді адвокаттар мен прокурор, судья онлайн көріп отырды. Әдеттегідей тілшілер ештеңе ести алмады. Бұл сотты жартылай жабық өтіп жатқан сот деуге болады. Себебі ақпарат үзік-үзік болып қана жетіп отыр.
Куәгерлерден жауап алу ертең 10:00-де жалғасады.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды