Хасан Қасымбаевтың соты: адвокат Ерлан Меңдешов судьяға қарсылық танытты

cover Фото: Orda.kz

Талғарда өтіп жатқан Хасан Қасымбаевтың соты 26 тамыз күні жалғасын тауып жатыр. Сот бастала салысымен Ерлан Меңдешов судьяға наразылығын білдіріп, БАҚ өкілдерін сот залына кіргізуді сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.

Сот басталған кезде Хасан Қасымбаевтың қорғаушы адвокаты Ерлан Меңдешов сөз алып  БАҚ өкілдерін кіргізуді сұрады. Жәбірленуші тарап та оның сөзін қостады.

«БАҚ өкілдерін кіргізуді сұраймыз», — деді сотта Ерлан Меңдешов. 

Ал судья адвокатқа БАҚ өкілдері бойынша барлығы түсіндірілгенін алға тартты және Меңдешов тағы да шеттету фактісін мәлімдеді. Айнагүл Түкібаеваның орнына судья Айдар Әбдіқұлов шеттету фактісін тексеруге қатысты. Салдарынан судья Түкібаеваның тарабынан болды деген шеттету фактісі расталмады.

Айта кетейік, бұған дейінгі сотқа да БАҚ өкілдері қатыспай, сот барысын көрші бөлмеде тікелей эфирден қарады. Судья тіпті жәбірленушілердің сөзін жариялауға сот тергеуі аяқталғанға дейін шектеу қойды. 

Еске сала кетсек, 2024 жылғы 4 қазанда «Қамажай» дүкенінде болған жанжалда Шерзат Полат қаза тапты. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Осы істен кейін Хасан Қасымбаевтың аты аталып, оны «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың басшысы деген сөз тарады. Бұл жағдайдан кейін Талғар аудандық әкімдігінде қызмет атқарған Хасан Қасымбаевтың бауыры Аслан Қасымбаев жұмыстан босатылды. Ресми сот кабинеті дерегіне сүйенсек, Хасан Қасымбаевтың тағы бір бауыры Ержан Қасымбаев бұған дейін «адам өлтіру» бабымен істі болған. Ол кеден қызметкері Медет Жамашевті қасақана өлтірді деп айыпталған. Ал ІІМ «хуторлық» қылмыстық топ жайлы сөз бұрқ ете қалғанда-ақ ақпаратты жоққа шығарған болатын. 

Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында Хасан Қасымбаев:  «менің арым таза, заң бұзған жоқпын» деген еді. Алайда 4 қараша күні ол қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды. Тергеу шілде айында аяқталды. 29 шілдеде прокуратура айыптау актісін бекітіп, істі сотқа жіберді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар