Ханзада Эндрюдің сарайы: Құлыбаевтың өкілі BBC-ге қарсы сотқа жүгінбекші
Фото: Olympic.kz
Тимур Құлыбаевтың өкілі BBC-дің журналистік зерттеуіне қатысты пікір білдірді. Зерттеуде Ұлыбритания королі Карл III-тің бауыры Эндрю Маунтбеттен-Виндзор қазақстандық миллиардерден миллиондаған фунт алғаны айтылған. Ол бұрын Эндрюге тиесілі болған зәулім үйді сатып алу үшін офшорлық компанияларды пайдаланған, деп хабарлайды Orda.kz.
Құлыбаевтың өкілі миллиардердің ешқашан парақорлыққа немесе сыбайлас жемқорлыққа қатыспағанын, ал Саннингхилл-Паркті сатып алуға жұмсалған қаражат толықтай заңды болғанын мәлімдеді. Журналистер пайдаланған есепке қатысты заңды шаралар қабылданып жатыр.
«BBC редакциялық және бір топ заңгермен болған ауқымды хат алмасуға қарамастан, адамды қаралайтын мақаланы жариялауды жөн көрді. BBC Италиядағы сот ісінің мәнін өрескел бұрмалады, бұл іс аясында Құлыбаев мырзаға пара берілгені анықталған жоқ. Саннингхилл-Паркті сатып алу – кәдімгі коммерциялық мәміле. Ол ішінара Құлыбаев тікелей де, жанама да бақыламайтын компания берген, толық құжатталған қарыз есебінен қаржыландырылды» деп жазылған хабарламада.
Оның айтуынша, мәміле жасалар кезде сатып алушы тарапынан барлық қажетті тексерулер жүргізілген. Қарыз коммерциялық пайыздық мөлшерлемемен толық өтелген.
«Құлыбаев мырзаның қандай да бір пара беру схемасынан хабардар болғанын немесе одан қаржылай пайда көргенін дәлелдейтін ешқандай айғақ жоқ», – деп қосты оның өкілі.
Еске сала кетейік, Тимур Құлыбаев британ ханзадасы Эндрюден осы үйді 15 миллион фунт стерлингке, яғни сұралған бағадан үш миллион фунтқа қымбатқа сатып алған. BBC зерттеуінде мәміле үшін төленген қаражаттың бір бөлігі бұрын халықаралық жемқорлық жанжалында аталған офшорлық компания арқылы өткендігі айтылған.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп