Халық көмегі: Маңғыстау облысына бір вагон шөп жеткізілді

cover Фото: «Хабар 24»

Маңғыстау облысына шөп пен жоңышқа тиелген алғашқы вагон келді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Маңғыстауда биыл ерекше құрғақшылық орын алды. Шөптің жоқтығынан, құрғақшылық салдарынан қазірдің өзінде мың жарымға жуық мал қырылды. Түркістан аймағының еріктілері Маңғыстаудағы шаруаларға шөп жинап, жөнелтті.

Енді ауыл белсенділері шаруа қожалықтарына шөп таратады. Жергілікті билік пен еріктілер фермерлерге жем жеткізуге көмектеседі. Тағы бес вагон шөп күтілуде. Қалған мал азығы Жетібай, Шетпе ауылдары мен Жаңаөзен қаласына жеткізіледі.

– Біз бұл шөпті Түркістан аймағында жинадық. Алғашқы бір жарым мың орам шөп Бейнеу облысына бүгін жеткізілді. Екі күнде тағы бірнеше шөп тиелген вагон келеді. Ол фермерлерге жеткізіледі, - дейді ерікті Құрмет Талапқазы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар